Home » Жаңалықтар (page 68)

Жаңалықтар

Түркияға жолдама ұтқан Ералы

Түркияға жолдама ұтқан Ералы Оралдық балғын өнерпаз Ералы Қадыров республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының гала-концертінде топ жарып, жүлделі орыннан көрінді. Талантты жеткіншек гала-концертте жүлделі ІІ орынға ие болып, Түркия еліне жолдама алды. Ал жетекшісі Шолпан Жасмағамбетова дарынды өренді өнер додасына дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Ералы Қадыров бұған дейін «Мен де жұлдыз боламын» жобасының іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама ...

Толығырақ »

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық  жұмыстарының  ХҮІ республикалық  конкурсы өз мәресіне жетті. 1-7 сынып оқушылары арасындағы жасөспірімдер қатысқан  республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсы «ZOOM платформасында» онлайын режімде болды. Байқау 27-28 қаңтар күндері өтті. Қазылар алқасының төрағасы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ф.д. Тілеген Сыдықұлының айтуынша: үш кезеңнен іріктеліп 398 оқушы конкурсқа қатысқан екен. Солардың арасына Солтүстік Қазақстан ...

Толығырақ »

«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы  — 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды. Мұндай атаққа 48 білім ордасынан 150 адам ие болды. Жеңімпаздар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Білім және ғылми министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, конкурсқа республикамыздағы 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысқан. Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық ...

Толығырақ »

«Дарын» орталығы ауылда тұратын дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізбек

Биыл «Дарын» орталығы ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізбек. Әрі осындай балаларға қолдау көрсетіп, қабілетін дамыту үшін олардың  әрқайсысына арналған жеке жол картасын жасайтын болады. Бұл жайлы аталмыш орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылы «Дарын» орталығын жаңа қызмет түрлері бойынша модернизациялау ісі  қолға алыныпты. Осының аясында орталық  өздері өткізетін интеллектуалдық ...

Толығырақ »

Маңғыстау: Жоғары сынып оқушыларының 70% үшінші тоқсанды мектепте оқиды

Маңғыстау облысындағы 9-11-ші сынып оқушыларының 70 пайызы үшінші тоқсанда мектепке барып білім алады. Яғни, дәстүрлі оқуға оралады. Қалған 30 проценті қашықтан оқуды жалғастырады. Бұл жайлы арнайы брифингте осы өңірдің Санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, барлық мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталып, медициналық пункттер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Білім ордалары санитайзер, тепловизор, бактероцидтік лампалармен және өзге де ...

Толығырақ »

Өскеменде жастарға арналған үлкен мәдени орталық ашылады

Өскеменде жастарға арналған үлкен мәдени орталық ашылады. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан оьлысының әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың 19-шы шағын ауданның тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәдени нысан дәл осы шағын ауданда бой көтереді. Оның ішінде бірнеше мұражай, кинотеатр, заманауи оқу орталықтары болады. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған басқа да ...

Толығырақ »

Балалардың ағзасы қорғасыннан улануда: 4 қалада зерттеу жүргізілмек

Еліміздің 4 қаласында балалар ағзасында қорғасынның бар-жоғын анықтау үшін зерттеу жүргізіледі. Мамандар  алғашқы кезеңде  Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент шаһарларын қамтымақ. Жұмысты биыл наурыз  айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. Ал жобаны Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен  БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп жүзеге асырады. Мамандар, бекер бұлай дабыл қағып жатпағандарын айтады. Өйткені, Қазақстанда  жыл өткен сайын  қоршаған ...

Толығырақ »

Мұғалімді газетке күштеп жаздырып, міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегуге болмайды — А. Аймағамбетов

Мұғалімдерді газет-журналдарға мәжбүрлеп жаздыруды қою керек. Әктеу-сырлау жұмыстарына тартып, міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға жегуді болмайды. Бүгін Шымкентте қалалық Білім басқармасының қызметкерлері және шаһар мектептерінің басшыларымен кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осыны қадап айтты. N:1 мектепте болған кездеуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да қатысты. Жүздесуде «Педагог мәртебесіне» қатысты мәселелер сөз болды. Пандемия кезінде бұл мамандықтың қоғам үшін ...

Толығырақ »

Атыраулық оқушы өсімдіктерден бояу алудың жаңа тәсілін ойлап тапты

«Асыл — тастан, ақыл — жастан». Атыраулық оқушы өсімдіктерден бояу алудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Жас ғалымның аты-жөні: Айнұр Мұратова. Махамбет ауданындағы Қосарал орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Ол  «Табиғи индикатор алу және қолдану» тақырыбында жоба қорғап, 1-орын алған. Бұл жайлы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Айнұр «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар байқауында топ жарған. Онлайн ...

Толығырақ »

Балаларды ерте дамытатын институт пайда болды

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының атауы өзгерді. Енді ол «Балаларды ерте дамыту ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі деп аталады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мәмин қол қойды. Орталықты қайта құруға бірнеше жағдай түрткі болған. Атап айтқанда, онда әлі күнге дейін  ғылыми-зерттеу қызметі жоқ екен. Мекеме тек мектепке дейінгі ұйымдарды әдістемелік сүйемелдеуге назар аударылып ...

Толығырақ »