Home » Білім және тұлға » Мұғалімді газетке күштеп жаздырып, міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегуге болмайды – А. Аймағамбетов

Мұғалімді газетке күштеп жаздырып, міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегуге болмайды – А. Аймағамбетов

Мұғалімдерді газет-журналдарға мәжбүрлеп жаздыруды қою керек. Әктеу-сырлау жұмыстарына тартып, міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға жегуді болмайды. Бүгін Шымкентте қалалық Білім басқармасының қызметкерлері және шаһар мектептерінің басшыларымен кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осыны қадап айтты. N:1 мектепте болған кездеуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да қатысты.

Жүздесуде «Педагог мәртебесіне» қатысты мәселелер сөз болды. Пандемия кезінде бұл мамандықтың қоғам үшін маңызының қаншалықты зор екені анық байқалғаны айтылды. Сондықтан, талай жақсылар мен жайсаңдарды тәрбиелеп шығарған мұғалімдерге әрдайым құрметпен қарау керектігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек,  кездесуде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, мұғалімдерді аттестациялау мәселелері, және оқулықтардың сапасы сөз болды. Асхат Аймағамбетов Білім басқармасының басшылығы мен мектеп директорларына қазіргі қиын-қыстау уақытта бұл жұмыстарды ұтымды үйлестіру керектігін ескертті.

Жиында министр мектеп кітапханашыларының міндеттері мен жалақысы қайта қаралып жатқанын жеткізді. Шымкент қаласында қолға алынған мұғалімдерді жұмысқа алудың тәжірибесін (HR-Prosecc) республикаға таратынын айтты.

Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан биыл шаһарда  21 мектеп пайдалануға берілетінін айтты. Және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан мектептердегі физика және химия кабинеттерін жасақтау үшін 3,5 млрд теңге қаржы бөлінгенін жеткізді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.