Home » Жаңалықтар » Түркияға жолдама ұтқан Ералы

Түркияға жолдама ұтқан Ералы

Түркияға жолдама ұтқан Ералы

Оралдық балғын өнерпаз Ералы Қадыров республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының гала-концертінде топ жарып, жүлделі орыннан көрінді.

Талантты жеткіншек гала-концертте жүлделі ІІ орынға ие болып, Түркия еліне жолдама алды. Ал жетекшісі Шолпан Жасмағамбетова дарынды өренді өнер додасына дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Ералы Қадыров бұған дейін «Мен де жұлдыз боламын» жобасының іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама алған болатын. Ол Орал қаласындағы №43 ОЖББ мектептің 4-сыныбында оқиды. Мектептен тыс уақытта «Әйгерім» балалар аула клубындағы «Арна» вокал үйірмесіне қатысып, бойындағы өнерін шыңдап жүр.

Еске сала кетсек, 25 қаңтарда Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен  республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Талантты балаларды ел ішінен іріктеп, халықаралық байқауларға қатыстыруға бағытталған бұл жоба балаларға арналған халықаралық байқауларды ұйымдастыруға да ұйытқы болып жүр.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»
Орал қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.