М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді. Жас инженерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Жасөспірімдер олимпиадасы
Өткен аптада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында жасөсіпірімдер арасында биология пәнінен облыстық VII олимпиада сайысы өтті. Оған аймағымыздың аудан-қалаларынан 90-ға тарта оқушы қатысып, бақ сынады. Ал жеңімпаздар Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алады. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жүрсінова балалар тек теориялық білімдерімен қатар, өз білімдерін басты назарға салу керектігін ...
Толығырақ »«Латын әліпбиіне көшудің маңызы» тақырыптық сағаты
Көкшетау қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада латын әліпбиіне көшудің маңызын талқылауға байланысты тақырыптық сағат өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан іс-шараның басты мақсаты – қаланың мектептері мен лицейлерінің оқушы-студенттерін мемлекетіміздің бастаған қадамының маңыздылығымен таныстырып, жаңа латын алфавитін қазақ тілінің әліпбиімен таныстыру. Елбасы «Болашаққа көзқарас: ...
Толығырақ »«Балқадиша» мүсіні
«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру сериясын жалғастыруда. Балқадиша Ыбырайқызы — Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Оның әннің кейіпкеріне айналуы да тегіннен емес. Көңіл-қошы болмай күйзелісте жүрген Ақан сері ел аралап жүріп, той үстінде Балқадишаны кездестіреді. Өзге жігітке атастырылып қойған ару осылайша Ақанның жүрегін жаулап ...
Толығырақ »Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» атты семинар-тренинг өтті «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің ұйымдастыруымен облысымызда «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» тақырыбында семинар болып өтті. Іс-шараға қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды «Нұр Отан» ...
Толығырақ »Ақын жырлары дəріптелді
Таяуда кəмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында жергілікті ақын Мария Цветаеваның 125 жылдық мерейтойы аясында «Моим стихам настанет свой черед» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шара барысында ұлы ақынның ғұмырнамасына шолу жасалып, өлеңдері оқылды. Аталмыш кеште «Жизнь и творчество» Марии Цветаевой» кітабының тұсаукесері жасалды. https://goo.gl/images/NywyTF Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласы
Толығырақ »«Мұқағали оқулары» мəресіне жетті
Жақында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Мұқағали Мақатаев оқулары» ХІІ республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Оған облыстық оқу орындарынан 14 оқушы қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер Дипломдармен марапатталды. Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласы
Толығырақ »Ұстаздар марапатталды
2017 жылдың 6 қазан күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдер күніне байланысты үлкен салтанатты жиын өтті. Мерекелі кешке Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов қатысты. Сондай-ақ, қонақ болып қатысқан «Жыл мұғалімі-2017», «Жыл тәрбиешісі-2017», жаңашыл-педагогтар мен еңбек ардагер ұстаздар мерекенің сәнін аша түсті. Осы жиында білім саласында елеулі қызмет жасап жүрген 47 педагог-мамандарға ҚР Ғылым және білім Министрлігінің және ...
Толығырақ »Оқушылар өлкетану саяхаттарына шықты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйек-қазан айларында «Өлкетану» базалық бағытындағы «Менің Отаным – Қазақстан» жобасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Жобаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, ұлттық мəдениетті насихаттап, туған өлкемен неғұрлым кеңірек танысу, жас ұрпақты патриотизм құндылықтарына баулу. Іс-шараға Павлодар облысынан: Ақсу қаласы, Баянауыл, Қашыр, Май, Успен аудандарының ондаған оқушылары қатысты. Экспедиция барысында балалар тарихи орындар мен қасиетті жерлерді тамашалап, ...
Толығырақ »Павлодар ұстаздары марапатталды
Халықаралық мұғалімдер күніне орай, «Қазмедия орталығында» республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Павлодар облысынан төрт ұстаз аталмыш марапатқа ие болды. Олар: дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология пəнінің мұғалімі Ф.М. Баимбетова, 28 ЖОББМ-нің география пəні мұғалімі С.Н. Барвих, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің орыс тілі мұғалімі А.Б. Қуставлетова жəне Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пəндер оқытушысы Ж.Ю. Нагасинова болды. ...
Толығырақ »