Home » Жаңалықтар » Оқушылар өлкетану саяхаттарына шықты

Оқушылар өлкетану саяхаттарына шықты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйек-қазан айларында «Өлкетану» базалық бағытындағы «Менің Отаным – Қазақстан» жобасы қарқынды түрде жүзеге асуда.

Жобаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, ұлттық мəдениетті насихаттап, туған өлкемен неғұрлым кеңірек танысу, жас ұрпақты патриотизм құндылықтарына баулу.

Іс-шараға Павлодар облысынан: Ақсу қаласы, Баянауыл, Қашыр, Май, Успен аудандарының ондаған оқушылары қатысты. Экспедиция барысында балалар тарихи орындар мен қасиетті жерлерді тамашалап, бұрын-соңды естіп-көрмеген талай деректерге тəнті болды.

Келесі экспедиция қазан айында Екібастұз ауылдық аймақтарында жалғасын таппақ.

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.