Home » Жаңалықтар (page 280)

Жаңалықтар

Футбол сабағы өтетін болады

Биыл ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тəрбиесінің əр үшінші сабағы «Футбол сабағын» сынақтан өткізу туралы» шыққан бұйрығы шыққан болатын. Осыған орай, республикамыздың барлық облыстарында бастауыш сыныптарда мектеп сабағы ретінде аталған жаңа пəннің пилотты жобасы енгізілетін мектептер анықталды. Павлодар облысы бойынша бұл жобаға 27 мектеп қатыспақ. Айгүл Молдаш Білім айнасы  Павлодар қаласынан

Толығырақ »

Турнир өтуде

       Павлодар бойынша спорт комитетінің мұрындық болуымен шағын футболдан қаланың 24 мектебінің 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдері қатысуымен қалалық турнир өтуде. Турнир жасөспірімдерді облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру үшін мықты спорт командалары мен спортшыларды анықтау мақсатында өткізілуде. Басы-қасында төрешілік жасап жүрген ұлттық санаттағы төреші Азамат Мейрамұлы Қарғужионов. Бұл турнир футболдан жасөспірімдерді жаттықтырушы, спорт ардагері Александр Александрович Клопковты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған. ...

Толығырақ »

Үштілділік — уақыт сұранысы

Павлодар қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді игерген көптілді тұлға, жалпы полимәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында «Үштілділік — уақыт сұранысы» тақырыбында барлық мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы негізде ұйымдастырылған тәлім сағаты 4 қазан күні Павлодар қаласының № 25 мектебінде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Аталмыш мектептің оқу-ісінің меңгерушісі Гүлсім Қайырбекқызы Хасенованың айтуынша: «Жаңарту бағдарламасы бойынша, үш ...

Толығырақ »

Каратэден «Астана біріншілігі» өтті

Елбасымыздың «Қазақстан — 2030» Жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап десек, күні кеше ғана (03.10.2017 ж) Астана қаласы №56 мектеп-лицейінде Қазақстан ...

Толығырақ »

Еліміздің заманауи мәдениеті дөңгелек үстелде

Заманауи мәдениет ұғымына анықтаманы, әрине, бір сөзбен бере алмаймыз. Өйткені, ХХ ғасырдан бастап біздің ақындарымыз, композиторларымыз, музей саласында қызмет атқарып жүрген өнертанушыларымыз, музейтанушыларымыз, мұрағатшыларымыздың атқарып жатқан еңбектерін, Кеңес үкіметі кезінен бастап халқымыздың тарихи жәдігерлерін, оның негізінде әдеби шығармашылықпен айналысу, сақтандыру жағынан мұрағат материалдарын жаһандық әлемде «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыра отырып таныту – нағыз заманауи мәдениет құбылысы. Елімізде ...

Толығырақ »

Мұқановтар әулетінің орман шаруашылығы

Орман шаруашылығымен айналысқан отбасынан шыққан Төрегелді Мұқанов кезінде туыстарының кеңесімен, орман шаруашылығында еңбек ете бастайды. Оның ағасы бір кездері Үлкенқуыс орман шаруашылығында жұмыс істеген, оның ізімен Төрегелді де жүреді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. – Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Орман – бұл менің бар өмірім, — дейді 44 жыл еңбек өтілі бар, қазіргі таңда ...

Толығырақ »

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партиялық тыңдау өтті

«Нұр Отан» партиясы аймақта Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша партиялық тыңдау өткізді. Партия облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық білім саласының өкілдері мен бірқатар тиісті тұлғалар қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Білім» бағыты бойынша комиссияның кураторы Гүлжан Тілеубердиева зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндама ...

Толығырақ »

Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ұстаздар күніне орай 30 қыркүйек күні Қызылорданың А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді құттықтап, жұмыстарына табыс пен зор денсаулық тіледі. Аймағымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдер саны 20 409 болса, оның ...

Толығырақ »

Қарттар көздеріне жас алды

2017 жылдың қазан айының 2-жұлдызында Астана қаласының Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Қарттарым — асыл қазынам» атты концерт өтті. Астана қаласының Сарыарқа ауданынан шыққан 50-ге жуық ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар жиылды. Мектептің ұйымдастырған іс-шарасына қатысып, жайған дастарханынан дәм татты. Қариялар мектеп директоры Жаннат Тұрысбекқызына көздеріне жас алып тұрып алғыстарын білдірді. Қуантай Амантайұлы Білім айнасы Астана қаласынан

Толығырақ »

«Менің Əуезовім» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті

Павлодар қаласында М. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының бастамасымен 9-11 сыныптар арасында «Менің Əуезовім» атты эссе жазудан шығармашылық байқауы мəреге жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рəсімі Алматы қаласындағы «М. Əуезов жəне рухани жаңғыру» халықаралық симпозиумында өтті. Павлодар қаласынан «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Тілектес Айым Бас жүлдеге ие болды. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласы

Толығырақ »