Home » Жаңалықтар (page 300)

Жаңалықтар

Жаңалыққа толы семинар

Жақында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік қарым-қатынастың құзіреттілігін және шығармашылық ой-өрісін қалыптастыру» тақырыбында Созақ аудандық оқу бөлімінің әдіскері Зәуре Бөкенованың басшылық етуімен семинар болып өтті. Бұл семинарға аудандағы мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарды Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты аудан мұғалімдерінің жас ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім мазмұнымен жас мамандарды дайындау

2017 жылдың 17 мамырында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж базасында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша жаңартылған білім мазмұнындағы жұмыстарға студенттерді дайындау туралы шеберлік сынып топтамалары салтанатты түрде аяқталды. СҚО Білім басқармасының кеңейтілген отырысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы жұмыстарға дайындықты жетілдіру мақсатында осы топтамалар өткізілді. Білім беру жүйесіне енгізілген негізгі: халықаралық білім беру үрдістері, критерийлік ...

Толығырақ »

Білім шуағы

2017 жылы мамырдың 12 жұлдызында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінде «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Бақ және әлеуметтік желімен жұмыс жасау» тақырыбында семинар трениг болып өтті. «Білім айнасы» газетінің журналист-менеджері Аллабергенова Мадина ұстаздарға «Мақала дегеніміз не?» деген сұрақты қойғанда, ұстаздар өз пікірлерін білдірді. Семинар барысында педагогтар мақала жазу ережелері, түрлері, міндеттері, сондай-ақ тақырыпқа байланысты ...

Толығырақ »

Павлодар облысында «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясы аяқталды

Павлодар ауданы «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясын аяқтады. Мұнда акция барысында ауданның он бір ауылының 47 баласына консультативтік көмек көрсетілді. Барлық қатысқан ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып мамандардың жұмыстарына риза болды. Осылайша, облыс білім беру басқармасының бастамасымен өткізілген «Логопедтік қонақ бөлмесі» акциясы аяқталды. Акция қорытындылары бойынша жалпы сөйлеу тілі дамымаған 571 балаға ертерек түзету көмегі көрсетілді. Акция жұмысына психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ...

Толығырақ »

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЕНГІЗУДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ӨТЕ ЗОР

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.» Н.Ә.Назарбаев Өмірдегі көптеген мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – мұғалім. Олай дейтініміз, ұстаз – біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық ...

Толығырақ »

Жарқын болашаққа – бастар жаңашыл бастама

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырумен 2017 жылдың 24 сәуірі мен 19 мамыры аралығында ағылшын тілі пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттік. Сабақта критериалды бағалаудың түрлері мен педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдануда оқушының ішкі уәжін арттыруға, белсенді оқу іс-әрекеттері, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен саралаудың тиімді жолдарын аша білдік. Сонымен қатар, ҰМЖ, ОМЖ, ...

Толығырақ »

Мұны өзім жасауыма көмектес!

Керемет жаңалық – Павлодар қаласының №4 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатында (№ 4 ЖОМИ) ұйымдастырылған дамыту ортасының көмегімен бала қоршаған ортамен танысуды үйренетін Монтессори кабинеті жабдықталған. Монтессори әзірлеген әдістің мағынасы баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен үйренуге, өздігінен дамуына ынталандыруға итермелейді. Педагогтың міндеті – оған өз қызметін ұйымдастыруға, өз табиғатын іске асырудың бірегей жолымен жүруге көмектесу. Педагог Монтессори сыныбында балаға тікелей емес, ...

Толығырақ »

Бөтен бала болмайды

Өз үйіңнің болуы бұл сөзде жан-жақты түсінік бар: жылы, жайлы, жабдықталған, әрине мұны әркім қалайды. Және оған әркімнің құқығы бар. Мұндай құқықты Успен балалар үйінің жетім балаларына Вадим Николаевич және Тамар Михайловна Мороз отбасы жүзеге асыруға көмектесті. Бір күнде Мороз отбасы көп балалы отбасы атанды. Отбасына бірден бес бала қосылды олар — Татьяна, Валентина, Геннадий, Клавдия және Александра туған бауырлар ...

Толығырақ »

Домбыраның сиқырлы әуені Баянаулда

Павлодар облысында Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің базасында Баянауыл ауданының әкімдігі және аудандық білім бөлімінің қолдауымен 10-12 мамыр аралығында «Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған I Республикалық «Күй құдірет» атты домбырашылар сайысы өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан музыка мектебі мен өнер мектебінің, оқушылар сарайының дарынды домбырашылары қатысты. Әділ-қазылар алқасының құрамында танымал қазақстандық «Ұлытау» тобының солисті – Әлімбетов Ержан Есіркепұлы, сонымен қатар, ...

Толығырақ »

Қызылордада «KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионаты өтті

Қызылорда облыстық білім басқармасы «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Казроботикс» Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен робототехниканың түрлі бағыттарын (спорттық, білімдік,  ғылыми — зерттеушілік) дамыту, сондай-ақ жасөспірімдер арасында шығармашылық әлеуетін анықтау мақсатында 2017 жылы 13 мамырда Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионатының облыстық кезеңі өткізді. Чемпионатқа робототехниканы оқып-үйрену үшін кез-келген робототехникалық алаңды ...

Толығырақ »