Home » Жаңалықтар » Робототехника фестиваліндегі жеңіс

Робототехника фестиваліндегі жеңіс

М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды.

Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді.

Жас инженерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы еді.

— 19 мамыр күні, Павлодар қаласында өткен іріктеу кезеңінде Женя мен Ернұр өз санаттарында жеңімпаз атанған болатын. Бұл жеңіс арқылы олар облысымызды Халықаралық деңгейде таныстырды, — деп түйіндеді робототехника үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов.

 

Асем Аипова,

М. Катаев облыстық Оқушылар

сарайының әдіскері

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.