Home » Жаңалықтар » Ұстаздар марапатталды

Ұстаздар марапатталды

2017 жылдың 6 қазан күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдер күніне байланысты үлкен салтанатты жиын өтті.

Мерекелі кешке Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов қатысты. Сондай-ақ, қонақ болып қатысқан «Жыл мұғалімі-2017», «Жыл тәрбиешісі-2017», жаңашыл-педагогтар мен еңбек ардагер ұстаздар мерекенің сәнін аша түсті.

Осы жиында білім саласында елеулі қызмет жасап жүрген 47 педагог-мамандарға ҚР Ғылым және білім Министрлігінің және Павлодар облысы бойынша білім бөлімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ, сый-сияпаттар табысталып, «Іскер басшы», «Шығармашыл ұстаз», «Жаңашыл ұстаз» сынды номинациялар берілді.

«Жыл мұғалімі-2017» қалалық сайысының бас жүлдесін №32 ЖОББМ-нің қазақ тілі маманы А.Ж. Уныйбаева иеленсе, «Жыл тәрбиешісі-2017» бас жүлдесі №29 балабақшасының тәрбиешісі А.А. Федороваға бұйырды.

«Іскер басшы» номинациясы №16 ЖОББМ-нің директоры Т.А. Мигуноваға, «Шығармашыл ұстаз» — «Жігер» клубының педагогы П.П. Шевчук, «Жаңашыл ұстаз» номинациясын №42 мектептің биология пәнінің мұғалімі Е.В. Иванова алды.

               Л.ТЕМІРТАСҚЫЗЫ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.