Home » Жаңалықтар » Павлодар ұстаздары марапатталды

Павлодар ұстаздары марапатталды

Халықаралық мұғалімдер күніне орай, «Қазмедия орталығында» республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Павлодар облысынан төрт ұстаз аталмыш марапатқа ие болды. Олар: дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология пəнінің мұғалімі Ф.М. Баимбетова, 28 ЖОББМ-нің география пəні мұғалімі С.Н. Барвих, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің орыс тілі мұғалімі А.Б. Қуставлетова жəне Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пəндер оқытушысы Ж.Ю. Нагасинова болды.

Жүлдегер ұстаздар төсбелгі жəне ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

 Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.