Алматы қаласы Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17- қарашасында «Тағдыр талқысына ұшыраған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Кеңеске Алматы қаласы Білім басқармасы Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімі басшысы Нұргүл Тау, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Кризистік орталығының» директоры, «Кризистік орталықтар одағы» Басқармасының төрағасы, психология ғылымдарының докторы, профессор Байсақова Зульфия ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» байқауы туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық Hand made (байқау) өткізді. Іс шараның мақсаты – жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім мен оқушының қазақ тілі сабақтарындағы бірлескен жетістіктерін кең насихаттау. Қатысушылар оқушылармен бірге әзірленген үш бағыттағы материал ұсынды: ғылыми еңбектер (ғылыми жобалар, жұмыстар, әзірлемелер және т.б.), ...
Толығырақ »«Онлайн іс-шаралардың тиімділігі» дөңгелек үстелі
2017 жылы 15 қарашада «Өрлеу» ҰБАО» Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» АҚ «Онлайн іс-шаралардың тиімділігі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған тақырыпты талқылауға мектептердің басшылары мен педагогтары, техникалық және кәсіби білім беру өкілдері, сондай-ақ филиал қызметкерлері мен оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстел әңгімелесу нысанында өтті. Сөйлесу мақсаты онлайн іс-шараларды өткізудегі қиындықтар мен мәселелерді анықтау және оған облыстағы мектептер мен колледж педагогтарының ...
Толығырақ »Жеңімпаздар еңбегі жинаққа енді
Бүгін Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлік «Туған жерім» шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Байқау жеңімпаздарының еңбектері «Туған жерім» шығармалар жинағына енгізілді. Кітап «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жарыққа шықты. Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен Ақмола облысының білім басқармасы. Өңірлік байқау комиссиясының шешімі бойынша «Кіші ...
Толығырақ »Жүзден жүйрік атанды
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Сол жылдар бойы жинақталған қазынаны жылына бір рет салмақтап отырады. Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның қалалық кезеңі өткізді. 9-11 сыныптар арасындағы білім бәсекесіне Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары барлық пәндер бойынша өз бақтарын сынға салды. «Білімді мыңды, білікті бірді жығады» ...
Толығырақ »Абай – қазақ халқының жаны
Жақында облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының орталық кинозалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жас ерікті» жобасы жүзеге асты. Іс-шараны өткізуге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен «ПМПИ студенттері балаларға оқиды» қозғалысының еріктілері ұйытқы болды. Әдеби кеш қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы, композитор Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналды. Кеш жүргізушілері Гүлдана Рамазанова мен Ботагөз Санкеева ақынның өмірі және шығармашылығы, шығармаларының маңыздылығынан сыр шертті. ...
Толығырақ »Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар талданды
Кеше, Павлодар қаласындағы Катаев атындағы Оқушылар сарайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыс педагогтарын оқу бағдарламасымен таныстыру және 3, 6 және 8 сыныптар бойынша жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды талқылауға арналған екікүндік республикалық семинары басталды. Қатысушылар 17 пәндік секцияларға бөлінді. Семинарға 410-нан астам бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары, әдістемелік ...
Толығырақ »Рухани жаңғыру – еліміздегі реформалар жалғасы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар болып өтті. Аталмыш мектептің директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы: «2025 жылы латын қаріпіне толықтай көшеміз, сол реформалардың жүзеге асуына тікелей атсалысатын ұстаздар болмақ. Латынға көшу қиын болмайды, өйткені балабақшаларда, шағын орталықтарда ағылшын тілін үйренуде. Сондықтан бала латынды меңгеріп ...
Толығырақ »«Педагогикалық идеялар фестивалі» Х қалалық конкурсы
Өткізу орны: Астана қ., №73 мектеп-лицейі Өткізу мерзімі: 17.11.2017 жыл Басталуы: 10 сағат 00 минут Марапаттау рәсімі: 14 сағат 00 минут Ақпараттар ағымына ілесіп, сын тұрғысынан ойлай алатын адамдарды дайындау – бұл заманауи білімнің ең басты мақсаты. Инновациялық идеяларды таратушылар бүгінгі күннің батырлары болуы тиіс. Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ақылымен, білімімен, дарынымен, озық идеяларымен заманауи Қазақстанды жасауға үлес ...
Толығырақ »«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында «Алатау» шипажайы базасында (Алматы қаласы) дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді. Биылғы жылы конкурстың қорытынды кезеңіне 16 жұмыс, оның ішінде 2 командалық авторлық жоба ұсынылып, 18 мұғалім жолдама алды. Конкурстың негізгі миссиясы – білім беру ұйымдарының ...
Толығырақ »