Home » Жаңалықтар (page 277)

Жаңалықтар

Ақмола облысында «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» облыстық семинары өтті

  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 12 қазан күні білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» облыстық семинар өткізілді. Аталған іс шараның басты мақсаты – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы борышын, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру. Семинар жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы ...

Толығырақ »

Әке мен бала: болашаққа көзқарас

2017 жылдың 13 қазанында сағат 16.00-де Астана қаласындағы Оқушылар сарайында (Момышұлы көшесі, 5) елордалық Әкелер форумы өтеді. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, аудандық митингке қатысушылар, Астана қаласындағы мектеп әке-бала жұптары мен көшбасшылары қатысады. Іс-шараның мақсаты: ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру, отбасылық және отбасылық тұрмыс жағдайын нығайтудағы, жас ұрпақтың рухани және мәдени құндылықтарын дамытудағы күш-жігерін біріктіру. Іс-шара екі бөлімнен тұрады: ...

Толығырақ »

Жамбыл облысында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты аймақтық форумы өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар сарайы ғимаратында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты аймақтық форумы өтті. Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының және партия облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Форум басталмас бұрын М.Х. ...

Толығырақ »

Жүлдегер қыздың жеңісі жалғасуда

Жақында Ертіс спорттық базасында ХХVII облыстық олимпиадасы бағдарламасы аясында «Күзгі кросс» жеңілатлеттер жарысы өтті. 2 шақырымдық қашықтықта қыздар арасынан дене шынықтыру бағытындағы Павлодар қаласының 41ЖОМ-ның 7 сынып оқушысы Елизавета Толмачева ІІ орынды қанжығасына байлады. Жүлдегер жеткіншек Мақтау қағазы мен Күміс медальге ие болды. Елизавета Қазақстан Республикасы жасөспірімдерінің арасында шаңғы тартысы бойынша Қола жүлдені еншілеп, облыстың нақты чемпионы атанды. Ол аймақтағы ...

Толығырақ »

«Мектепке жол» акциясы мəресіне жетті

Павлодар қаласы бойынша дəстүрлі іс-шараның қорытынды нəтижесі шығарылды. Халықтың осал тобына жататын отбасы балаларына қолдау көрсету акциясы барысында 36725,80 мың теңгеге, сонымен қатар бюджеттен тыс 16745,70 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Бұл жолы игі шараға «Павлодар мұнайхим зауыты» ЖШС, «Жастар гвардиясы» қоры, облыстық жəне қалалық деңгейдегі халық қалаулылары, «Квазар», «Манақбай» сауда үйлері, «ЭКСИСИ КАЗ» фирмаларының жеке кəсіпкерлері т.б. қатысты. Айгүл ...

Толығырақ »

Әуелі бойыңда талант болсын..

«Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың қанат болсын» деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Бүгінде еңбегінен ел танып, талантынан қанаттанып жүрген Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылжар ауылының тумасы Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесі өтті. Көрменің аталуынан-ақ суретшінің болмысын, жүрегіне жақын бағытын, тұла бойына сіңген еңбектерін көре аламыз. Себебі, арнайы сәулетшілер жасаған, ең ерекше безендірілген, Елбасымыздың маңызды кездесулері өткен ...

Толығырақ »

Германдық қонақтар қала мектебінде

Жақында Қазақстан, Қырғызстан жəне Түркменстан елдерінде бастау алған PASH «Мектептер: болашақ серіктестері» халықаралық жобасы күніне орай, қаламыздың 36 жалпы орта білім беру мектебінде жоба жетекшісі Франциска Шлиттиг бастаған германдық музыканттар қонақта болды. Аталмыш білім беру мекемесі бұл жобаға 2008 жылдан қатысып келеді. Жобаның мақсаты: тек неміс тілін меңгеріп қана қоймай, білімді Германия университеттерінің бірінде ауқымды түрде жалғастыруға мүмкіндік жасау. 9, ...

Толығырақ »

Көкшетауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

     Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында «Еуразиялық идея және посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоғары оқу орнына жиналған қонақтар, алдымен, университет мұражайын, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жетістіктері» атты көрмені тамашалап, еуразиятанушы Ш. Уәлихановтың ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қойды. Конференцияға университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, ...

Толығырақ »

Асу бермес асқар жоқ

Жақында Ақтөбе қаласында робот техникасының «KazRobotcs-2017» халықаралық байқауы өтті. Оған Қазақстанның 14 облысынан ең үздік командалар, аймақтың іріктеу чемпионаттарының жеңімпаздары, Ресей, Белорусь, Өзбекстан өкілдері де қатысты. Сайыста Павлодар құрама командасы 2 алтын, 1 қола медальді еншілеп қайтты. Мұндағы «Кегельринг квадро» санатында І орынды Олег Чернышев пен Никита Секретарев иеленді. Робот техникасының жобалары байқауында Ермұрат Телегенов пен Артем Кирилюс ие болды. ...

Толығырақ »

Робототехника фестиваліндегі жеңіс

М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді. Жас инженерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы ...

Толығырақ »