Home » Жаңалықтар » Рухани жаңғыру – еліміздегі реформалар жалғасы

Рухани жаңғыру – еліміздегі реформалар жалғасы

     

       Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар болып өтті.

Аталмыш мектептің директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы: «2025 жылы латын қаріпіне толықтай көшеміз, сол реформалардың жүзеге асуына тікелей атсалысатын ұстаздар болмақ. Латынға көшу қиын болмайды, өйткені балабақшаларда, шағын орталықтарда ағылшын тілін үйренуде. Сондықтан бала латынды меңгеріп кетеді» — дей келе, алғашқы сөзді Тараз қаласындағы №14 учаскенің «Нұр Отан» бастауыш партиясы ұйымының төрағасы Нұрғожаев Нұрболат Жұмабекұлына берді. Ол Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласына негізделген баяндамасын оқыды. Семинарға қатысқан мектеп ұжымы еліміздің рухани жаңғыруына орай көкейіндегі түйіткілді мәселелерді талқылап, пікір алмасып, Рухани жаңғыру – елде атқарылып жатқан реформалар жалғасы екендігі айтылды.

Жансая Құрманғалиқызы ,

Білім айнасы,

Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.