Home » Жаңалықтар » «Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» байқауы туралы

«Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» байқауы туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық Hand made (байқау) өткізді.

Іс шараның мақсаты – жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім мен оқушының қазақ тілі сабақтарындағы бірлескен жетістіктерін кең насихаттау.

Қатысушылар оқушылармен бірге әзірленген үш бағыттағы материал ұсынды: ғылыми еңбектер (ғылыми жобалар, жұмыстар, әзірлемелер және т.б.), әдістемелік материалдар (электронды портфолио, оқушы папкасы және т.б.) және шығармашылық жұмыстар (шығармашылық жобалар, жұмыстар және т.б.).

Іс шара қазақ тілі мұғалімдерінің өз жұмысының тиімділігін арттыруға, ынталандыруға, мұғалім-оқушы ынтымақтастығын дамыту уәждігін арттыруға, қазақ тілі мұғалімдерінің оқушылармен бірлескен жұмыс тәжірибесін жинақтау және насихаттауға, оқытудың жаңа тиімді әдіс-тәсілдерін іздеу және бұдан әрі жетілдіруге бағытталды.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жаңашылдықпен, ерекшелігімен және практикалық бағыттылығымен айрықшаланды.

Барлығы байқауға үш бағыт бойынша 30 жұмыс ұсынылды.

Келесі жұмыстар дипломдармен марапатталды:

Әдістемелік бағыттағы байқау жұмыстары:

3 орын — Сергазина Зинегуль Джумадиловна, Исенов Темирлан, «Қостанай қаласы білім бөлімінің әкімдігінің  №18 мектеп-гимназиясы» ММ («Білімді мыңды жығар» дидактикалық материалдары).

Шығармашылық бағыттағы байқау жұмыстары: 

1 орын – Турегельдина Гүлбаршын Сапарқызы, Әбілқасов Тұрар Әбілұлы, Ұзынкөл ауданы Обаған ОМ (өлеңдер жинағы)

2 орын – Бирмуканова Айгул, Ахметова Сабина, Лисаков қаласының «№3 орта мектебі» КММ (өлеңдер жинағы) .

3 орын – Турегельдина Гүлбаршын Сапарқызы, Әбілқасов Тұрар Әбілұлы, Ұзынкөл ауданы Обаған ОМ («Обаған үні» мектептік қабырға газетінің жұмыс жоспары).

Ғылыми бағыттағы байқау жұмыстары:

1 орын – Карбузова Мейрамкуль Туяковна, Исен Даурен, «Ключевой орта мектебі» ММ Карасу ауданы

2 орын – Баймұхамбетова  У.С., Мұхамедкалиева Лунара, Қостанай қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 орта мектебі

2 орын – Тілеубаева А.Т., Мусин Шыңғыс, Лисаков қ. «Октябрь орта мектебі» КММ

3 орын – Сатубалдина Ақбөпе  Бекетқызы, Сатубалдина Айкүміс, Лисаков қаласы «№ 3 орта мектебі» КММ.

3 орын – Ражанова Айнур Конысбаевна, Темірхан Сабина, «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің  Ғ.Жұмабаев  атындағы Боровской орта мектебі» ММ

3 орын — Молдахметова Сауле Зилгараевна, Кунтуова Сауле, Cарыкөл  ауданы әкімдігінің  «Бекет Өтетілеуов атындағы орта мектебі» КММ.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр берілген үш бағыттың бірі бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен мадақталды. Байқаудың қалған қатысушылары электронды түрде қатысушы сертификаттарын алды.

Байқау қорытындысы туралы ақпарат институт сайтында орналастырылады. Үздік жұмыстар www.orley-kost.kz институт сайтындағы электронды кейсте сақталатын болады.

Кожаниязова А.Е.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ

аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.