Әрбір халықтың болашағы бүгіннен басталады, ал бүгінгі күн — өткеніңді бағамдап, ертеңіңе бағдар жасау. Қазақ деген ұлы халықтың тектілігі сондай – үлкеннің алдынан кесе-көлденең өту, сөзге тоқтамау, қарты мен жетімін жылату, т.с.с. жағымсыз іс-әрекеттер болған емес. Бұл – халқымыздың жай ғана «Дала мектебінің» жемісі. Ал қазіргі таңда ғылым мен техника шарықтаған сайын адамзат баласының көз көріп, құлақ естімеген рухани азғындауы ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«АТАБЕК» тәлімгерлік жобасы — қандай жоба?
Атабек (тәлімгер) – бұл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жақын дос болуға, өзінің ақылымен және тәжірибесімен бөлісуге дайын, 25 жастан үлкен Қазақстан азаматы. «Атабек» жобасы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, үлкен-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жобаны іске асыру кезінде балалар үйінің 10-18 жастағы тәрбиеленушілерін қамту жоспарлануда. Бірақ ...
Толығырақ »Жаныңда жүр жақсы адам
«Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек». Н.Ә. Назарбаев. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. «Туған жер» бағдарламасының негізінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ...
Толығырақ »Туған өлкем – қандай көркем
Елбасымыздың болашаққа бағдар рухани жаңғыру жолдауымен танысып, насихаттау мектебімізде өз деңгейінде жүзеге асуда. Жаңа тарихтың жаңа ұрпақтары елбасымыз тапсырған міндеттермен танысып, оны насихаттауда өз үлестерін қосуда. Өз Отанын сүю өз ана тілін ардақтау, өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін білдіру — әрбір азаматтың міндеті. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. ...
Толығырақ »СЕМИНАР ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛДЫ
Жақында «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ «Білім беру процесінің қамтамасыздандырудың жағдайы ретінде арнайы білім беру ұйымдарының жас педагог кәсіби құзыретін дамыту» атты облыстық семинары өтті. Семинарға Павлодар облысының ПК БАИ «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалының жұртшылықпен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Г.К. Курманова, ПМПУ математика және жаратылыстану факультетінің анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Т.Б. Кенжебаева, облыстың интернаттық ...
Толығырақ »ДУАЛДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Ертіс аграрлық-техникалық колледжінде «ТжКБ жаңғырту. Дуалды оқыту – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған: Ертіс ауданы әкімінің орынбасары, аудандық бөлімдерінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер «Уразбаев» ШҚ, ЖК «Ибрагимов», ЖК «Малышев», ЖК «Рахметова», «Нургалы» ШҚ және т.б. қатысты. Шараның негізгі мақсаты — дуалды оқыту жүйесі бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесінде әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық нысандарын іздеу болды. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »Алматылық «Нұр Отан» ШОБ-ке заңсыз тексерулер жүргізгендермен жүйелі түрде айналысатын болады
Алматыда қалалық «Нұр Отан» жанындағы жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес шағын және орта бизнеске заңсыз тексерулер жүргізу мәселесін қарады. Бұрындары партияның қоғамдық қабылдауларына қаланың санитарлық және өртке қарсы қызметтерінен заңсыз тексерулер жүргізілетіндігі туралы шағымдар жиі түсетін. Бүгінгі таңда мегаполисте шағын және орта бизнестің 260 мыңнан астам субъектісі тіркелген, бұларда жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Сондықтан қала партияшылары ...
Толығырақ »Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Бәрі де тәрбиеден, мектептен бастау алады. Мен әңгімені бастамас бұрын өзімнің білім алған, алғаш табалдырығын аттаған алтын ұя мектебім жайлы кішкене айтып өтсем артық болмас. Шиелі ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы атындағы (қазіргі Балаби ауылы) №50 Абай атындағы мектепті Бакиров Асанбек ағай бірнеше жыл басшылық қызметін атқарған, өте білімді, білгір салмақты кісі болатын. Ол кісі есіктен кіріп келе жатқанда мұғалімдердің өзі ...
Толығырақ »ИГІ ЖОБАНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жетім балаларға тәлімгер болғысы келетін үміткерлермен ақпараттық-түсіндірме кездесуі өтті. Кездесуде Атабек (тәлімгерлер) болғысы келетін 80-нен астам адам қатысты. Үміткерлермен кездесу барысында жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, бейнероликтер ұсынылды және жоба туралы ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, үміткерлер үшін балалар үйі бойынша саяхат ұйымдастырылып, олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалай өмір сүріп жатқандарын көрді. Іс-шара ...
Толығырақ »АРМАНҒА БАСТАҒАН «АҚЖЕЛКЕН – 2018»
Таяуда №2 Челябинск педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі білім берудің болашақ мамандары «Паруса мечты-2018» атты V Халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, тәжірибе, шығармашылық, білім деңгейлерімен бөлісіп сайысқа түсті. Павлодар қаласынан аламан додаға Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің 4-курс студенті Жусуппаева Жазира қатыcты. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, жерлесіміз Ж.Жусуппаева лауреат атанып, «Паруса мечты-2018» V Халықаралық кәсіби шеберлік байқауының Кубогына ие болды. Айгүл ...
Толығырақ »