Home » Жаңалықтар » ДУАЛДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ертіс аграрлық-техникалық колледжінде «ТжКБ жаңғырту. Дуалды оқыту – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған: Ертіс ауданы әкімінің орынбасары, аудандық бөлімдерінің өкілдері,  әлеуметтік серіктестер «Уразбаев» ШҚ, ЖК «Ибрагимов»,  ЖК «Малышев», ЖК «Рахметова», «Нургалы» ШҚ  және т.б. қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — дуалды оқыту жүйесі бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесінде әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен сындарлы  ынтымақтастық нысандарын іздеу болды. Сонымен қатар, колледждің қызметі мен келешегі, дуалды оқыту – уақыт талабы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру, әлеуметтік серіктестік туралы шарт қандай болу керек? деген басты сауалдар көпшіліктің талқысына түсті.
Баяндамаларды талқылау кезінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Мәселен, тірек базалық шаруашылығы «Уразбаев» ШҚ-ның басшысы Уразбаев С.Ш. дуалды оқыту жүйесіндегі білім жаңғыруының маңыздылығын, «Рахметова»ЖК-нің басшысы Рахметова М.К. «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша аспаздар дайындау қажеттігін, «Малышев» ЖК-нің басшысы Малышев Г.С. кадрлар тапшылығын айтып, қатысушылармен ой бөлісті. Ал «Ибрагимов» ЖК-нің басшысы Ибрагимов К.К электрик мамандығы бойынша оқыту, компьютерлік диагностика бойынша мамандар даярлау қажеттігін ұсынды.
Жиын соңында дуалды оқыту аясында НЖҚ мен ЖКД бағдарламасын іске асыру және аудан үшін қажетті жұмыс кадрларын зерттеу мәселесі және ынтымақтастық нысандарының бағыттары белгіленді.

Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.