Home » Жаңалықтар » «АТАБЕК» тәлімгерлік жобасы — қандай жоба?

«АТАБЕК» тәлімгерлік жобасы — қандай жоба?

Атабек (тәлімгер) – бұл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жақын дос болуға, өзінің ақылымен және тәжірибесімен бөлісуге дайын, 25 жастан үлкен Қазақстан азаматы.
«Атабек» жобасы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, үлкен-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жобаны іске асыру кезінде балалар үйінің 10-18 жастағы тәрбиеленушілерін қамту жоспарлануда. Бірақ тәлімгер баламен жеке қарым-қатынас жасаудың алдында, ол міндетті түрде бірнеше іріктеу кезеңінен өтуі керек: психологиялық тестілеу, психологпен әңгімелесу, тәлімгерлер мектебінде оқытудан өту. Оқыту қорытындысы бойынша үміткерлер балалармен жұмыс істеуге құқығын беретін тәлімгерлер Сертификатын алады.

Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.