Home » Жаңалықтар » Туған өлкем – қандай көркем

Туған өлкем – қандай көркем

Елбасымыздың болашаққа бағдар рухани жаңғыру жолдауымен танысып, насихаттау мектебімізде өз деңгейінде жүзеге асуда. Жаңа тарихтың жаңа ұрпақтары елбасымыз тапсырған міндеттермен танысып, оны насихаттауда өз үлестерін қосуда.
Өз Отанын сүю өз ана тілін ардақтау, өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін білдіру — әрбір азаматтың міндеті.
Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді.
Осы орайда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының №56 орта мектебінде «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталыққа мектептің барлық оқушылары қызығушылықпен белсене қатысты. Апталықтың бесінші күнінде менің 7б сыныбымның оқушылары «Менің туған өлкем» тақырыбында эссе жазып, өлеңдер шығарып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
Оқушылардың жазған эсселерінен Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жерін, туған өлкесін мақтаныш тұтатынын, өз елінің айбынды азаматтары ретінде қорғай алатын сезімдері бар екенін байқадым. Оқушылардың туған   жерге деген құрметі мені қуантты.

Жәденова Лаура,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебі,
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.