Home » Жаңалықтар » Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Бәрі де тәрбиеден, мектептен бастау алады. Мен әңгімені бастамас бұрын өзімнің білім алған, алғаш табалдырығын аттаған алтын ұя мектебім жайлы кішкене айтып өтсем артық болмас.
Шиелі ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы атындағы (қазіргі Балаби ауылы) №50 Абай атындағы мектепті Бакиров Асанбек ағай бірнеше жыл басшылық қызметін атқарған, өте білімді, білгір салмақты кісі болатын. Ол кісі есіктен кіріп келе жатқанда мұғалімдердің өзі алдынан кесе көлденең өтпейтін. Мектепте жан-жакты спорт өнер сайыстарын ғылыми шығармашылық жұмыстар және физикалық химиялық тәжірибие жұмыстарын жиі өткіздіре білген өте үлгілі, білікті басшы бола білген ұстаз болатын.
Алғаш 1985 жылдың қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттап , жүрегіміз алып-ұшып, күнде сол уақытта мектепке жеткенше асығатынбыз. Алғашқы ұстазым Иманбердиева Сақан апай күліп қарсы алатын. Сақан апай әр баламен жеке жұмыс жүргізіп, бізге бар білімін жігерін аяған емес. Бастауыштан орта буынға көшкенде Сақан апай бізді Бодықова Бегайым апайға тапсырды. Бегайым апайға қарап біз көп үлгі ала білдік. Апайдың өзін – өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, киім киісі, тілге шешендігі бәрі де бізге үлкен сабақ болды. Ибалы келін, инабатты көрікті тұлға , нағыз қазақ қызына тән сұлулықты апайдың бойынан табыла білді. Әр сабағын тиянақты, жинақы түрде түрлендіріп өтетін. Әр сабаққа келерде бүгінгі сабақтан не аламыз?- деп күтуші едік. Өз маманын дөп таңдаған нағыз тіл маманы. Қазақ тілі мен әдебиет сабағынан жоғары деңгейде білім алдық десем артық айтпаған болар едім. Бар баланы бірдей көріп, білгенін терең ұқтыра білген апайды ,осы кезде жиі еске алып отырамын.
Бір күні әдебиет сабағында біз ойламаған жерден апай; Абиева тақтаға шыға кой, — деді. Алдыңғы сабақта Абайдың «сегіз аяқ» өлеңін жатқа айтқанбыз. Сегіз аякты бізге домбырамен орындап беруімді сұрады. Мен біртүрлі ыңғайсызданып жарайды дедім. Мен бала күнімнен домбырада керемет әндер орындайтынмын. Апай қолыма мектептің домбырасын ұсынды. Мен сегіз аяқ әнін керемет орындап шықтым. Сол сабақтан бастап әдебиеттен жазушыларды өткен сайын сабақтың қорытындысында сол жазушылардың әндерін үйрете отырып маған әнін айтқызып қорытындылап отыратын. Сыныптастарым маған қалжыңдап бізге жақсы болды ғой сабақтан ән тыңдап көңілді қайтатын болдық кой дейтін. Міне қазір зулап жатқан өмір, сол мектепті бітіргелі 23 жыл өтіп кеткенін сезбей де қалыппыз. Осыдан 3 жыл бұрын 20 жылдық мектеп бітірушілердің бас қосу жиынында кездесіп төбеміз көкке жеткендей болдық. Бегайым апайдың келбеті сол қалпында өзгермегендей, биязы сабырлы күйі күлімдеп тұр. Ол кісіні мен өзім ерекше құрметтеймін, өйткені ұстаздық жолдың қыр сырын апайымнан алған тәрбием деп білемін. Сол ұстаздық жолды таңдадым. Жауапкершіліктің тік жолын ұстап, іске шеберлігін көрсетіп, бізді соған баули білді. Бір қарағанда қатал көрінетін апайдың ішінен улкен ұяңдықты көретінбіз. Қазіргі таңда ұстаздардың рухын көтеретін шәкірттер молынан болғай деп тілеймін.Қазіргі заман талабы басқаша ,оқушының алдында барлық жағдай бар. Ізденуге мүмкіншіліктер көп. Сол мүмкіндікті жақсы бағалай білсе екен деймін. Әрине ұстазы жақсының-ұстамы жақсы болғай.

Қарлығаш Абиева,
№45 «АқОрда» мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.