Home » Жаңалықтар (page 281)

Жаңалықтар

Белсенді оқыту енгізілуде

2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»да «Жаңартылған білім беру жағдайында білім беру үрдісіне белсенді оқытуды енгізу» тақырыбында мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өткеннен кейінгі педагогикалық қызмет ...

Толығырақ »

Астана төрінде Жұбаниязовтар әулетінің «Дала әуені» атты көрмесі ашылды

Бүгін, 27 Қыркүйек күні, Астанадағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында» сәндік-қолданбалы өнер иелері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге өнерлі отбасының кескіндеме, мүсін және сәндік өнер бойынша 50-ден аса туындылары қойылды. Дарынды жанұяның туындыларын көруге келген астаналықтар оң пікірлері мен лебіздерін білдіріп, отбасы мүшелеріне алғыстарын айтты. Әр еңбектің өз тарихы мен ерекшелігін айтып өткен Күлипа Есімқызы ...

Толығырақ »

«Дала әуені» атты Жұбаниязовтар отбасының шығармашылық көрмесі

2017 жылғы 27 қыркүйекте Елбасы кітапханасында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті. Жұбаниязовтар – Алматы суретшілерінің арасындағы танымал отбасы. Алғаш рет әулеттің кәсіби шығармашылық іргесін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Наурызбайұлы Жұбаниязов (1947–2007) және оның жұбайы дәстүрлі қолданбалы өнер иесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күлипа Есімқызы қалады. Іс-шараның ашылу ...

Толығырақ »

Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылы 13 мамырда қабылданған қаулысына сәйкес Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Классикалық халық музыкасының белгілі өкілдерінің бірі, суырып салма ақын, белгілі әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақтың атақты әнші-ақындары Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз сері, Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, ...

Толығырақ »

Мұхтарбай Өтелбаев: Ұстаз еңбегі ақталып, жемісін көрсе деген арманым бар!

Ел арасында  «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Қазақта қазір саусақпен санарлық нағыз ғалымдарымыз қалғаны рас. Ғалым болғанда, ғылымның патшасы деу артық болмас?! Бүгінде сол «патшалардың» бірімен сұхбаттасудың сәті түсті. Сонымен физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі Мұхтарбай аға Өтелбаевтың есігін қаққан едік. — Мұхтарбай аға, елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздар ...

Толығырақ »

Ұстазым менің, ұстазым….

Мейрамыңызбен, мұғалім! Қыдырәлі БОЛМАНОВ, әнші, продюсер, бизнесмен, философия ғылымдарының докторы: —   Алғаш мектепке барғанымда бізде 2 мектеп болатын. Бастауыштағы ұстазымның аты – Мейрамгүл апай. Қаталдау еді. Әділдігі, баланы білімге ұмтылдыруы керемет болатын. Сол кереметтігі қаталдығын білдірмейтін. Бастауышты бітіргеннен кейінгі ұстазым Ақнұр апайым болды. Негізі, мен мектепке 5 жасымнан барыппын. Ағаларым мектепке барғанда, мен де жылап арттарынан қалмаппын. Содан классқа кіріп, ...

Толығырақ »

Әдістемелік семинар өтті

Жақында бейнероликтер жасауда әдістемелік көмек көрсету және облыс ұстаздарының АКТ-біліктілігін арттыру мақсатында Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы «Sony Vegas Pro БҚ арқылы оқыту мультимедиялық ресурстарын құрастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға Павлодар облысы мектептері мен колледждерінен 14 тыңдаушы қатысты. Қатысушылар «Sony Vegas Pro» бейнематериалдарды монтаждау, өңдеу функциялары және қажет құралдармен қамтылған стандартты бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, оқыту бейнероликтерін құруға бағытталған практикалық тапсырмаларды ...

Толығырақ »

«Өрлеуде» мектеп мұғалімдеріне арналған бір күндік семинар өтті

2017 жылдың 23 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басымдықтары» тақырыбында Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназиясы мұғалімдеріне біркүндік оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының дәстүрлі оқыту бағдарламасынан ерекшелігін айқындау, оқу үрдісінде белсенді оқу әдістерін пайдалану арқылы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалауды пайдалану. Іс-шараның ұйымдастырушылары – филиалдың мектепке дейінгі және бастауыш ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды

Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Францияда өткен «IESO» (International Earth Science Olympiad) – Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушысы Аружан Калымова мен 12-сынып оқушысы Мөлдір Шынғыспен кездесті. Олимпиаданың командалық кезеңінде ESP (Earth Science Project) – Жер туралы ғылымдар бойынша жоба қорғаған Аружан мен Мөлдір олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. ...

Толығырақ »

«Ясауитану» халықаралық байқауы

 2017 жылы 21-22 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті. Бірінші кезеңде хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтудан сынға түскен үміткерлер дарындылықтың ерен үлгісін көрсетті. Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді. «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша: Ақмола ...

Толығырақ »