Home » Жаңалықтар (page 270)

Жаңалықтар

Ұлт батыры атындағы байқау

Қазалы ауданындағы №204 мектепте ұлт батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына орай мылтық ату, тоғызқұмалақ және «Ерлік – ел мұраты» тақырыбында эссе байқаулары өткізілді. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова тарихи тұлғаларды ұлықтау ұрпақ парызы екендігін айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыдан кейін Текей батырдың ерлік істерінен үзінді көрсетіліп, жорықтарына шолу жасалды. ...

Толығырақ »

Тыңдаушылар дән риза

2017 жылдың 27 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, әдіскерлер мен пән мұғалімдерінің қатысуымен «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбымен аралас оқу (Blended Learning) форматында өтіп жатқан біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталып, сертификат тапсырылды. Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ «Мұғалімдердің ...

Толығырақ »

Эстетика бөлімінің ұстаздары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен облыстық көрмеге қатысты

2017 жылдың 13-ші қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қолданбалы-сән және бейнелеу өнерінің облыстық көрмесі ашылды. Аталмыш көрмеге М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің қосымша білім беру педагогтары Е. Каркавина, Д. Жагслах, Ж. Амантаева, Д. Реймхен, В. Дмитриевалар қатысқан болатын. Оқушылар сарайының шебер ұстаздар қауымы бұл көрмеге бейнелеу, графика, ши, ...

Толығырақ »

Алматы қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

27-қазан 2017 жылы Алматы қаласының «Ұстаздар Үйінде» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ИТжҒЖ(Г)ПО кафедра меңгерушісі «Көптілді білім беру: біліктілікті арттыру жүйесінде тілдерді күндізгі-қашықтықтан оқыту форматы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д. Садуақасова Раиса Аждарқызы ашты. Ол өз ...

Толығырақ »

Ауқымы кең, тағылымы мол семинар

Бүгін, 27-қазан күні, ОҚО Арыс қаласындағы нөмірі 32-ші Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында ЖОО-мен мектептің ынтымақтастығы», «Жаңартылған оқу бағдарламасының ену жағдайы, ондағы өзгерістер» тақырыбы бойынша аудан көлемінде семинар өтті. Аталған семинарды Орталық Азия университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан Білім Озаты, Ресей Федерациясының Ғылым және Білім қайраткері және профессоры К.Д. Ушинский атындағы алтын медаль ...

Толығырақ »

Құндылық жүйесіндегі білімділіктің кезекті конференциясы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Егер құндылықтар жүйесінде білімділік басты құндылыққа айналатын болса, ұлт табысқа жетеді» деген болатын. Өзімізге мәлім, 2016 жылдан бастап жаңартылған білім бағдарламасы және бағалау жүйесі Республикалық мектептерде енгізілген. Әрине, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білімділікті басты құндылық етуге тек Қазақстан мамандары ғана емес, бес жыл ...

Толығырақ »

«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VIII-ші облыстық еңбек форумы

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында дәстүрге айналған «Кәсіптік білім және бизнес әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы 2012 жылдан бастап аймағымызда тұрақты өткізіліп келеді. Аталған еңбек форумы 2017 жылдың 27 қазан күні сағат 10.00-де «Абылай хан» колледжінің базасында өткізілді. Еңбек форумының негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру саласында аймақтың еңбек ресурстарының баласына сәйкес сұранысқа ие өңіріміздегі ...

Толығырақ »

«Аяла» қайырымдылық қоры ашылды

Аудандық Мәдениет үйінде «Аяла» қоғамдық қайырымдылық қорының ашылуына орай мерекелік кездесу өз мәресіне жетті. Қордың басты мақсаты – соғыс және еңбек ардагерлеріне, ауған соғысына қатысқандарға және Чернобыль апатынан зардап шеккендерге, қарияларға, асыраушысыз қалған жандарға, жалғыз басты аналарға және мүгедектерге көмек көрсету. Ал қордың президенті болып ауданымызға 5ана емес, сонымен қатар облыс әрі республикаға аты танымал Серік Құрмашұлы Әкімбаев тағайындалды. Қордың ...

Толығырақ »

Мектеп-лицейдің өз жылыжайы бар

Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «SAMSUNG» компаниясының «Жылыжай» жобасы бойынша грант ұтып алған болатын. Құны 2 млн 200 мың теңге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мектеп мұғалімдері жаңа жоба оқушыларды еңбекке баулуға сеп болып, болашақта олардың ауылшаруашылығы саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын оятады деген сенімде. Қазір жылыжай салынып бітті, ...

Толығырақ »

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Осыған орай Павлодар облысы, Железин ауданындағы Абай ЖББН мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты сынып сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекет басшысының айтқан ұлттық код пен ұлттық ...

Толығырақ »