Home » Жаңалықтар » «Өрлеуде» мектеп мұғалімдеріне арналған бір күндік семинар өтті

«Өрлеуде» мектеп мұғалімдеріне арналған бір күндік семинар өтті

2017 жылдың 23 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басымдықтары» тақырыбында Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназиясы мұғалімдеріне біркүндік оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының дәстүрлі оқыту бағдарламасынан ерекшелігін айқындау, оқу үрдісінде белсенді оқу әдістерін пайдалану арқылы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалауды пайдалану.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – филиалдың мектепке дейінгі және бастауыш оқыту, тұлғаны тәрбиелеу кафедрасы.

Оқыту семинары барысында педагогтар қалыптастырушы, жиынтық бағалау және дискрипторларды құрастыру бойынша, сонымен қатар іс жүзінде белсенді оқыту әдістері мен топтық жұмыс жасаудағы тиімді педагогикалық тәсілдер жайлы практикалық дағдылар алды.

Семинарға қатысушылар критериалды бағалау мен белсенді оқу стратегиялары бойынша білімдерін толықтыруға мүмкіндік берген, жоғарғы сыныптарда сабақ ұйымдастыру кезінде қолдануға болатын ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығының зор екендігін атап өтті.

Семинар соңында әр қатысушы куәлік алды.

Нуржанова Р.М.  

МДБОТТ кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.