Home » Жаңалықтар » «Ясауитану» халықаралық байқауы

«Ясауитану» халықаралық байқауы

 2017 жылы 21-22 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті.

Бірінші кезеңде хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтудан сынға түскен үміткерлер дарындылықтың ерен үлгісін көрсетті. Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді. «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша:

  • Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды орта мектебінің 10 сынып оқушысы Оқа Жанат І орынды және 100 мың теңге қаржылай сертификатпен марапатталды.
  • Бурабай ауданы Атамекен ауылының 10 сынып оқушысы Дәулетхан Ділнәр ІІІ орынды және 50 мың теңге қаржылай сертификатқа ие болды.
  • Көкшетау қаласы №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының 11 сынып оқушысы Рыспекова Айжан ынталандыру сыйлығы ретінде 20 мың теңге жүлдеге иеленді.

       

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.