Home » Жаңалықтар » Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Жақында бейнероликтер жасауда әдістемелік көмек көрсету және облыс ұстаздарының АКТ-біліктілігін арттыру мақсатында Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы «Sony Vegas Pro БҚ арқылы оқыту мультимедиялық ресурстарын құрастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Павлодар облысы мектептері мен колледждерінен 14 тыңдаушы қатысты.

Қатысушылар «Sony Vegas Pro» бейнематериалдарды монтаждау, өңдеу функциялары және қажет құралдармен қамтылған стандартты бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, оқыту бейнероликтерін құруға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындады.

Семинар барысында тыңдаушылар аталған дағдылар негізінде оқыту бейнероликтерін құрастырып, қорғап шықты.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Айгүл Молдаш

Білім айнасы

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.