Home » Жаңалықтар » Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді

Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылы 13 мамырда қабылданған қаулысына сәйкес Ақмола облыстық филармониясына Үкілі Ыбырайдың есімі берілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Классикалық халық музыкасының белгілі өкілдерінің бірі, суырып салма ақын, белгілі әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақтың атақты әнші-ақындары Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз сері, Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан серілердің әндерін, айтыстарын ел арасында таратып, мынау Біржанның, мынау Ақанның домбыраны қолдарына алғандағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп, әрқайсысын өз әуезімен, өз әуенімен, сарынымен орындап бере алған.

Үкілі Ыбырайдың халық арасында кең тараған «Гәкку» әні шығармашылығының шыңы болып табылады. Оның әндері нәзік, таза махаббат сезіміне, терең ойға толы.

Туған елі Ыбырайды өз жүрегінде сақтап, кейбір әндерін халық әні деп, кейбірін әлдекімдікі деп алып қалған. Бұл күндері әндері өзіне қайтарылып келеді.

Тәуелсіз Қазақстан ақын ұлына құшағын кеңінен ашты. Көкше топырағында дүниеге келген халық композиторы, бұлбұл әнші, суырып салма ақын Үкілі Ыбырайдың есімі бүгінде осы қаладағы Ақмола облыстық филармониясына берілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.