Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 4)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

     Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өі басқару ұйымының жаңа Президенті сайланды. 11«В» сыныбының оқушысы Томирис Жұмағалиева  дауыс берушілердің 33,4 пайызын жинап, жеңіске жетті. Биыл мектепішілік сайлау комиссиясына 11-сыныптардан 8 үміткер тіркелді. Олар: Әсел Темірбек, Елжан Жарылқасын, Торғын Санақ, Айгерім Нұғман, Дархан Бақытжан, Томирис Жумағалиева, Назым Қуандықова мен Мақпал Акишева есімді Шаңырақ көшбасшылары. Сайлауалды науқанның алғашқы күнінен бастап оқушылар үгіт-насихат ...

Толығырақ »

Оқушылар қарияларға ізет көрсетті

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан — қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады. «Дара жол» бағдарламасы форматында ұйымдастырылған жүздесуге 10 «D» сыныбының оқушысы Камила Оразғалидың атасы Оразғали Өтеулиев, 10 «А» сыныбының оқушысы Бағдат Курентаевтың атасы Күреңтай Ізбергенов, 10 «С» сыныбының ...

Толығырақ »

«Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті

Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңін білмейтін болмаса естімеген қазақ кемде-кем. Әр шығармасы сырлы сезімге толы жыр жүйрігінің өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқушылар Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де жетерлік. Мұзбалақ талант иесінің әр өлеңінен шабыт алып, қанаттанып жүрген шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз «Жырлайды жүрек» атты поэзия кешінде бас қосты. Кешті ұйымдастырушы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ...

Толығырақ »

«ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНДАРЫ» — РУХАНИ МҰРАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастыру және қазақ ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттау мақсатында «Ұлы дала ақындары» атты жаңа тәрбиелік жобаны бастайды. Қазақ әдебиетінің танымал классиктері тізімі бойынша жиырма бір зияткерлік мектепке белгілі тұлғаның өмірі мен оның шығармашылығымен танысу ұсынылады. Бұл жоба шеңберінде жыл бойына мектеп қауымдастығы белгілі бір ақынның өлендеріне әдеби талдау жасап, ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектеп ұстазы «Невада- Семей» антиядролық қозғалысының мерекелік медалімен марапатталды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының мерекелік медалімен марапатталды. Ұстазымыз халықаралық қозғалысқа осыдан 10 жылға жуық уақыт бұрын қосылған. Асхат  ғылыми жұмыстармен айналысады, атап айтқанда, оны өңірдің экологиялық және радиациялық өңі мәселелері ерекше қызықтырады. Оның 2012 жылы жасалған жұмысы да «Семей қаласының радиациялық өңі» деп аталады. Барлық қажетті ақпараттарды Семей, ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҰҒАЛІМ ГЕРМАНИЯДА ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сарапшы мұғалімі Ақбота Мамадияр Германия елінде өткен халықаралық ЕСЕR конференциясына қатысып, білім саласында жүргізген зерттеулерін таныстырды. Неміс қаласы Гамбургте өткен білім беру саласындағы зерттеушілердің халықаралық конференциясына 75 мемлекеттен 3000 жуық ғалымдар, педагогтер мен білім саласының қызметкерлері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға қатысуға Грант иегері атанған қызылордалық Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акбота Мамадияр аталмыш ...

Толығырақ »

АТЫРАУДА МҰҒАЛІМДЕР ҚҰРАМЫНАН ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұстаз-Ерікті» клубы өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еріктілер жылын қолдауға бағытталған бастамаға атыраулық ұстаздар үн қосты. Олар Балықшы-Жұмыскер көпірінің маңында сенбілік ұйымдастырып Жайық жағасын қоқыстардан тазартты. Шараға мұғалімдермен бірге мектеп оқушылары, ұстаздардың отбасы мүшелері де атсалысты. Бұл сенбілік елімізде бастау алған «Бiрге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын және Атырау қаласы әкімдігінің санитарлық-тазалық айылығын ...

Толығырақ »

Павлодарлық оқушы Малайзияда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «B» сынып оқушысы Динара Әбен Малайзияның Путраджайя қаласында өткен «Asia Youth International Model United Nations 2019» халықаралық конференциясына қатысып келді. «Asia Youth International Model United Nations 2019» — БҰҰ моделінің Халықаралық конференциясы. Конференцияның басты мақсаты мен міндеті — қазіргі әлемдегі адамзат қауіпсіздігі мәселелерін талқылау және шешу. Конференция қатысушысы Динара Әбеннің айтуынша, керемет ...

Толығырақ »

«Sacred Tourism Kazakhstan» жобасы авторлық құқық куәлігіне ие болды

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «D» сынып оқушысы Ислам Сүлейменнің  «Қазақстандағы сакралды туризмді дамыту» тақырыбы бойынша жобасы ресми түрде авторлық құқықпен қорғалатын объектілер тізіміне енгізілді. Аталған жоба мен үшін зерттеу әлеміндегі алғашқы баспалдағым десем қателеспеймін. Осы орайда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, сыни тұрғыда анализ жасау мен үшін жаңа дағдыларға ие болуға жәрдем етті. Болашақта да аталған ...

Толығырақ »

Семейлік оқушылардың Ақтөбеге сапары сәтті болды

Жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары үшін ұйымдастырылатын «Туған елге тағзым» өлкетану-экспедициялық жобасы шәкірттеріміз үшін таптырмас қосымша білім беру үрдісі. Бейтаныс өлке тарихымен таныса отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайлы мол мағлұматқа қанығатын сапар әрі қызық әрі ғибратқа толы. Биыл Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласында болып қайтты. Аптаға жуық уақыт ішінде көптеген тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ...

Толығырақ »