Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 5)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

«Мектепке жол» акциясына біздің де қосарымыз бар

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Қоғамға қызмет ету» жобасының аясында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене қатысты. Осылайша, жаңа оқу жылы маусымы қарсаңында ел көлемінде дәстүрлі түрде өткізілетін шарапатты шарадан шет қалмаған шәкірттеріміз бірнеше мектеп оқушыларына қуаныш сыйлады. — Акцияға алғаш рет қатысып отырғанымыз жоқ. Жыл сайын мектебінде хабарландыру жасалып, шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздарымызды тартамыз. Өмірде баланың ...

Толығырақ »

ЖАС ПЕДАГОГ МАТЕМАТИКА САЙТЫН ҚҰРАСТЫРДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша математика сайтын жасап шығарды. «nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, әртүрлі типті тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру ...

Толығырақ »

НЗМ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Екі жылдан бері Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған атаулы күнді Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  түрлі шаралар мен қабырға газеті байқауымен атап өтті. Таңертеңгі уақытта тілдер бірлестігінің мұғалімдері  оқушыларға арнап танымдық ойындар ұйымдастырды.  Мектеп алдында тұрып,келушілерді қарсы алған 11-сынып оқушылары неміс тілінде онлайн-викторина өткізсе, сегізінші сынып оқушылары орыс тілінде қызықты ойындар арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырды.  Тағы бір топ ...

Толығырақ »

Ақтаудағы мектеп күн станциясы іске қосылды

Бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты. Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді. Күн ...

Толығырақ »

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын  талқылап,  президент ұсынған идеяға бірауыздан қолдау білдірді. Биыл таныстырылған маңызды құжатта тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы дамыту мәселелері бойынша көптеген жобалар қамтылған. Әдеттегідей Президент әлеуметтік жаңғыру мәселесін ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР БІЛІМ РЕЙТИНГІСІНДЕ  АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша қызылордалық зияткерлер Информатика және Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 20 зияткерлік мектептер арасында көш бастап тұр.  Ал бітіруші сынып оқушыларын сыртқы суммативті бағалау қорытындысы бойынша мектеп білім рейтінгісінде алтыншы орынға шықты. Педагогикалық кеңесте мұғалімдер сыртқы суммативті бағалау қорытындысына сараптама жүргізіп, жаңа жылда білім  көрсеткіштерін арттыру бағытындағы жұмыстарын айқындап ...

Толығырақ »

Семейдегі Зияткерлік мектепте 10 –шы мәрте алғашқы қоңырау соғылды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім күнін ерекше қарсы алды.  Өйткені, биыл мектебіміз 10 –шы қатарынан өз шәкірттеріне алғашқы  қоңырауын  соқты.  «Мәдениетті ұрпақ – ел тұтқасы» тақырыбымен өткізілген салтанатты лездемеге мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.  Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі  танымдық-тәрбиелік мәні зор ел көлеміндегі айрықша мерекелермен орайластырылды. Атап айтқанда, «Жастар жылы», 2020 жылы аталып өтілетін ...

Толығырақ »

Маңғыстаудағы 9,10 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді

Тамыздың 27-сі күні Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Маңғыстау облысы педагогтарының тамыз кеңесінің пәндік секциялары өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиынға өлкенің 800-ден аса мұғалімі қатысты. Конференцияның басты тақырыбы аймақтағы жалпы білім беру мектептерінің 9, 10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға өтуі. Кездесу барысында сарапшылар мен ұстаздар бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталып, пәндік секциялардың арнайы шеберлік сағаттарына қатысты. Жиналыс барысында зияткерлік ...

Толығырақ »

ГЕРМАНИЯ ҰСТАЗДАРЫ НЗМ ОҚУШЫЛАРЫНА НЕМІС ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Германия елінен арнайы мұғалім келіп, оқушыларға неміс тілінен сабақ берді. Өткен жылдан бастап Қызылордадағы Зияткерлік мектеп «SES-сарапшылар» жобасына белсенді қатысып келеді. Жаз айларында Германиядағы жетекші қоғамдық ұйым өзінің аға мамандарын білім ордасына жіберіп, 7-10-сынып оқушыларына арнап арнайы тілдік курстарын өткізеді. Биылғы оқу жылында қызылордалық өрендерге Германия, Ресей, Танзания, Эфиопия жерінде білім беру ұйымдарында неміс тілін ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕРДІҢ 100 ПАЙЫЗЫ ЖОО-на ҚАБЫЛДАНДЫ

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 158 түлегі отандық және шетелдік оқу орындарына қабылданды. Олардың 98 пайызы білім гранттарын иеленіп, еліміздің және алыс-жақын шет елдердегі әртүрлі университеттерінде білімдерін жалғастыратын болады. Өткен жылдың статистикасымен салыстыратын болсақ, биылғы жылдың түлектері арасында Назарбаев Университетіне оқуға түскендердің саны артты. Халықаралық деңгейдегі орталықта тағы 30 қызылордалық зияткер қалаған мамандықтар бойынша грант негізінде білім алуға қол жеткізді. Мектептің ...

Толығырақ »