Қазақстандық студенттер елімізде оқуын жалғастыра отырып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны Аризона университетінің дипломын ала алады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл аталмыш университетпен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылады. Қазақстандық тарап Аризона университетінің өкілдерін шақырды. Олар отандық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері мен әлеуетін зерделеп, әріптес ретінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдады. Делегацияның ...
Толығырақ »Жаңалықтар
ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім ...
Толығырақ »Білім беру ұйымдарындағы тұлғааралық қатынасқа өзгерістер енгізу ұсынылды
Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жеткізді. Қазіргі уақытта «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» сәлемдесу үшін «Сәлеметсіз бе, апай (ағай)!», «Сәлем!» деген сөздер қолданылады. Көп жағдайда туыстық мазмұнға ие сөздер тұлға қатынасына сын түсіреді. Сонымен бірге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі білім берудің зайырлы сипаты ...
Толығырақ »Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды
27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі өтті. Аппараттық кеңес аясында 2021-2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың таныстырылымын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев жасады. Ғ.Бейсембаев өз сөзінде академияның домбырамен орындалған күйлерді музыкалық ендірме ретінде мектептерде пайдалану туралы ұсынысын жеткізді: сабақтың басталуы «төкпе» күйі арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күйі ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстандық оқушылар Физика және лингвистика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 6 медаль жеңіп алды. Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады. Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO-2021) 17-24 шілде аралығында Литвада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда әлемнің 76 елінен 368 оқушы бақ сынады. Қазақстанның ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медальға ие болды. Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған команда 2 күміс, 5 қола медаль алды. WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат 7 маусым мен 23 шілде аралығында онлайн форматта өтті. Біздің студенттер Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген құрдастарымен бәсекеге түсті. «Биыл Еуразиялық чемпионатты ұйымдастыруға қатысушы ...
Толығырақ »СКРИНИНГ ӨТУ – ҚАУІПТІ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ауруды ерте анықтау оның дамуына, қиын жағдайларға алып келетін диагноздардың алдын алуға көмектеседі. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Біздің елімізде скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі. Осы орайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары скринингтердің қалай жүргізілетінін және олардан кімдер өтуі керектігі туралы ақпаратпен бөлісті. Скринингтік зерттеулер дегеніміз не? ...
Толығырақ »БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН 285 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСТІ
Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 285 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын-ала анықтап, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтау, оқулықтардың қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ
Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады. Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЖАХМЕТ БАЛАХМЕТОВТІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Президент тарапынан ардагерге Алғыс хат жолданып, төсбелгі табыс етілді. Оларды мерейтой иесіне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады. «Еліміздің жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарын, Оқу-ағарту министрлігін басқарып, қалалық және облыстық халық депутаттары кеңестерінің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің ...
Толығырақ »