Home » Жаңалықтар » Білім беру ұйымдарындағы тұлғааралық қатынасқа өзгерістер енгізу ұсынылды

Білім беру ұйымдарындағы тұлғааралық қатынасқа өзгерістер енгізу ұсынылды

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жеткізді.

Қазіргі уақытта «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» сәлемдесу үшін «Сәлеметсіз бе, апай (ағай)!», «Сәлем!» деген сөздер қолданылады. Көп жағдайда туыстық мазмұнға ие сөздер тұлға қатынасына сын түсіреді.

Сонымен бірге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі білім берудің зайырлы сипаты болып табылады.

Сондықтан білім беру ұйымдарында «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» деген сәлемдемені «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деген сөздерді қолдануды ғалым мамандар ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта қазақ тілінде оқытатын мектептерде қолданылатын «Апай», «Ағай» сөздерінің түбірі «Апа», «Аға» туыстық қатынасты білдіреді. Сондықтан білім беру ұйымдарында мұғалімге жүгінген кезде педагогикалық қызметке байланысты: «мұғалім», «ұстаз», «педагог» сөздері, педагог-педагог қатынасында «мырза», «ханым» немесе «мұғалімнің аты-әкесінің атымен» атау қажеттілігі ұсынылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.