Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЕЛІМІЗДЕГІ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, БЕЛГІЛІ АМЕРИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ДИПЛОМЫН АЛА АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЕЛІМІЗДЕГІ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, БЕЛГІЛІ АМЕРИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ДИПЛОМЫН АЛА АЛАДЫ

Қазақстандық студенттер елімізде оқуын жалғастыра отырып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны Аризона университетінің дипломын ала алады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл аталмыш университетпен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылады.

Қазақстандық тарап Аризона университетінің өкілдерін шақырды. Олар отандық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері мен әлеуетін зерделеп, әріптес ретінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдады. Делегацияның Қазақстанға сапары кезінде министрлік пен университет арасында меморандум жасалды. Жуырда ынтымақтастықты нығайту үшін ұйымдастыру іс-шаралары өткізілетін болады.

Жасалған келісімдер аясында отандық университет екі ғасырдан астам тарихы бар американдық жоғары оқу орнының тәжірибесін қолданатын болады.

Америкалық оқытушылар қазақстандық әріптестерімен студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту технологияларымен бөліседі.

Аризона университеті қазақстандық жоо-ның студенттері мен оқытушылары үшін өзінің цифрлық кітапханасы мен білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Аризона университеті Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерін бірлесіп оқыту үшін өз оқытушыларын жібереді.

Сабақтарды ағылшын тілінде өткізу жоспарланғандықтан, отандық университетте дайындық бөлімі – foundation ашылады.

Түлектер бірден екі университеттің дипломын алады.

«Жобада академиялық технологиялар трансфері қарастырылған. Атап айтқанда, Аризона университеті американдық академиялық стандарттар бойынша СҚУ оқытушылары мен студенттерінің әлеуетін арттырумен айналысатын болады. Қазақстандық және американдық ғалымдар қатарынан бірлескен ғылыми топтар құрылады. Олар солтүстік өңір үшін дәстүрлі агротехнология және инженерлік технологиялар сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. Аризона Университетінде екі ғасырдан астам тарихы бар. Қазір Times (THE) рейтингінде жетекші орында тұр. Университет медицина, физика және астрономия саласындағы жетістіктерімен танымал. Қазіргі уақытта Аризона студенттері марстағы жанартаулар мен айдағы таулардың суреттерін жеткізетін телескопты жасаумен айналысып жатыр. Олар NASA-мен тығыз жұмыс істейді. Бірлескен ынтымақтастықты нығайту шаралыры жоғары білім беру саласына үлкен серпіліс береді»,деп атап өтті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Шуланов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің делегациясымен онлайн кездесу өткізген болатын. Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық әріптестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.

Президент әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстың кеңеюі қазақстандық университеттерге академиялық және зерттеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.