Home » Жаңалықтар » Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды

27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі өтті. Аппараттық кеңес аясында 2021-2022 оқу жылында  орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың таныстырылымын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев жасады.

Ғ.Бейсембаев өз сөзінде академияның домбырамен орындалған күйлерді музыкалық ендірме ретінде мектептерде пайдалану туралы ұсынысын жеткізді: сабақтың басталуы «төкпе» күйі арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күйі арқылы болмақ.

Академия президенті бұл әдіс оқушылардың психикасына, көңіл-күйі мен әл-ауқатына жағымды әсер ететіндігін психологтар зерттеулеріне сілтеме жасап атап өтті. Мұндай жаңалықтар биылғы Күйші Динаның 160 жылдығы аясында айрықша мәнге ие.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.