Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық меретойы аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталығының қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан әйелдер мен көпбалалы аналардың шағын кәсіптерін қолдап, көмек көрсету мақсатында, өздерінің алға қойған мақсатына жете білген 30 кәсіпкер анаға 2022 жылға арналған жеке күнтізбе жасап беру ұйымдастырылуда. «Бақытты отбасы» қала бойынша қаржылай емес қолдау арқылы көп балалы әйелдерге көмек ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құру туралы келісімге келді
ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құруды ұсынды. Бұл туралы Ресей білім академиясында өткен «Білім туралы ғылым саласындағы зерттеулерді дамыту перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді. Қазақстан және Ресей Білім академияларының президенттері аталған ұсыныс бойынша жақын арада ТМД елдеріндегі әріптестеріне үндеу жасауды жоспарлап ...
Толығырақ »ПАВЛОДАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Рүстем Миникеев көлік және байланыс саласы бойынша педагогтер арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанды. Гран-при иегері Рүстем Ермекұлы магистр дәрежесіне ие және автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша арнайы пәндерден сабақ береді. Жеңімпаз мұғалімнің әкесі механизатор болып жұмыс істегендіктен бала кезінен техника мен көлікке деген қызығушылық танытқанын айтады. Рүстем Миникеев оқытушы ...
Толығырақ »Академия президенті Мәскеуде өткен халықаралық конференцияға қатысты
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев Ресей білім академиясы ұйымдастырған «Білім туралы ғылым саласындағы зерттеулерді дамыту перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты – білім туралы ғылым саласындағы дисциплинааралық, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім беру жүйесін дамыту шеңберінде ғылыми әзірлемелерді ілгерілетудегі озық ғылыми жетістіктер нәтижелері туралы біліммен және практикалық шешімдер тәжірибесімен бөлісу. Ғ.Бейсембаев өз баяндамасында пандемия ...
Толығырақ »ТЕКСЕРІЛГЕН БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ 80% — ҒА ЖУЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТПЕДІ
Мемлекеттік бақылау жүргізілген балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестаттаудан өтпеді. Бұл туралы бүгін апта сайын онлайн форматта көрсетілетін министрліктің аппарат жиналысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова хабарлады. Биыл білім және ғылым министрлігі енгізген бақылаудың алғашқы жаңа түрі 77 балабақшада жүргізілді. Олардың басым көпшілігі, атап айтқанда 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметіне қойылатын талаптарға ...
Толығырақ »Тағылымды кеш
Қазір республика бойынша қыркүйек айынан бастап барлық білім ордаларында тіл апталығы өтіп жатқандығы белгілі. Кеңінен аталып өтілетін дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде талантты журналист, «Кешкі кездесу», «New Old Qazaq», «Talk like», «Талпын» бағдарламаларының тележүргізушісі Аман Тасығанмен жылы шырайлы кездесу болып өтті. Іс-шараны лицей басшылығының бастамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ұйымдастырды. Белгілі журналист ...
Толығырақ »Оралдық оқушы – Әлем чемпионы
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы №19 ЖОББ мектебінің 6-сынып оқушысы Ислам Қабдоллов әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ислам Қабдоллов Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 11-12 жас ерекшелігінде Қазақстан құрамасы атынан акробатикалық жолда секіруден жарысқа шығып, нәтижесінде жоғары 31.100 балды қанжығалаған. ...
Толығырақ »Қазақ халқы қашанда тілге бай, шешен екенін білеміз.
Қазақ халқы қашанда тілге бай, шешен екенін білеміз. Атадан қалған асыл сөзді дәріптеу, қазақ би-шешендерінің кесіп айтар келелі сөздерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау басты парызымыз. Осы орайда республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы Алматы қаласында 24-25 қарашада өтті. Аталмыш байқауға республикалық Абай желілік мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын Абай атындағы РММИ ұйымдастырды. Тіл шеберлерінің додасына үш ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ 50 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты. Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған. Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, ...
Толығырақ »«Әдістемелік десант» №96 «Аяла» балабақшасында болды
2021 жылғы 20 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №96 «Аяла» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды. Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары ...
Толығырақ »