Home » Жаңалықтар » 30 АНА -30 кәсіп

30 АНА -30 кәсіп

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық меретойы аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталығының қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан әйелдер мен көпбалалы аналардың шағын кәсіптерін қолдап, көмек көрсету мақсатында, өздерінің алға қойған мақсатына жете білген 30 кәсіпкер анаға 2022 жылға арналған жеке күнтізбе жасап беру ұйымдастырылуда.

«Бақытты отбасы» қала бойынша қаржылай емес қолдау арқылы көп балалы әйелдерге көмек көрсету мақсатында құрылған жобалардың бірі. Сонымен қатар, орталығымызда тіркелген аналар нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 505 мың теңге гранты және «Бизнестің жол картасы-2025» арналған мемлекеттік бағдарлама аясында  2 ден 5 млн тегеге дейін гранттар бөлінген болатын. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан аналар жоғарыда айтылып өткен мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін оқып, бөлінген гранттарға қатысып, жақсы нәтиже көрсете отырып, топтар арасынан үздік болып,  қазіргі уақытта өздерінің жеке кәсіптері ьойынша жұмыс жасауда. Кейбір аналар екінші қолдауға қол жеткізе отырып, 2 ден 5 млн теңгеге дейінгі көлемдегі грантпен, кәсіптерін кеңетуге де жақсы мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, орталығымыздың ұсынысымен, Медеу ауданы әкімдігі тарапынан қолдау тауып, жас кәсіспкер аналардың жеке кәсіптерінің алға жүруіне, клиенттер мен тұтынушыларды тез табу мақсатында ай сайын ауданымызда жәрмеңке ұйымдастырылып отырады. Мәселен, аналарымыз қолдан жасалған бұйымдарын, жемісті букеттер, картиналар, сөмке, киізден жасалған бұйымдар, әшекейлер, тәтті тағамдарын жәрмеңкеде ұсынуға мүмкіндіктері болады.

Сонымен қатар, біздің аналар қайырымдылық акцияларына қатысу арқылы, демеушілердің көмегімен 2000 мыңнан астам қайта пайдалануға болатын маскалар, 20 комбинезон таратылды. Карантин кезінде онлайн тапсырыс беру арқылы үйде тапсырыс құабылдау бойынша 30 әйел жұмыспен қамтылды. Шарт жасасу арқылы 3000-нан астам халат, 7 000 маска мен бахил тігілген. Келісім-шартқа сәйкес, әйелдердің алған барлық тәжірибелері мен білімдері ақысыз оқуға ниет білдірген басқа адамдарға беріледі. Бұл көрсеткіш, аналардың курстан жақсы нәтиже алып, сол теориялық білімді өмірде, практикада қолданғанының жақсы белгісі деп білеміз.

Осылайша аналар қауымын жігерлендіру, қолдау көрсету мақсатында Медеу ауданы «Бақытты отбасы» орталығы ұйымдастыруымен, 30 анаға арнайы фотосессия өтті. Фотосессия Алматы қаласында арнайы студияда, барша аналарымызға бір шетінен алғыс әрі жігерлендіру көзделді.

Құрметті оқырман, егер, сіз де осылай өз сүйікті ісіңізді тауып немесе жақсы нәтижеге жеткіңіз келсе, кәсіп бастау мақсатыңыз болса, орталық курстарына қатысу арқылы өз армандарыңызға қол жеткізе аласыз. Жақсы ортада дамып, бір толқындағы өзге жандармен бірге даму –нұр үстіне нұр. Әр жанға орталық есігі ашық!

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
8 747 671 06 26 –Жумаш Анар

Анықтама: Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан көп балалы аналардың әлеуметтік орталығы. Орталық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкүндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға қызмет көрсетеді. Аналарға атаулы әлеуметтік көмекке тәуелді болмай, әйелдердің дамуына арналған тегін курстар мен бизнес бастау үшін грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.