Home » Жаңалықтар » Турнир өтуде

Турнир өтуде

       Павлодар бойынша спорт комитетінің мұрындық болуымен шағын футболдан қаланың 24 мектебінің 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдері қатысуымен қалалық турнир өтуде. Турнир жасөспірімдерді облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру үшін мықты спорт командалары мен спортшыларды анықтау мақсатында өткізілуде. Басы-қасында төрешілік жасап жүрген ұлттық санаттағы төреші Азамат Мейрамұлы Қарғужионов.

Бұл турнир футболдан жасөспірімдерді жаттықтырушы, спорт ардагері Александр Александрович Клопковты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған. Сайыс қазан айының 4-ші жұлдызында басталған.Бәйге додасының қорытындысы осы айдың 13-ші жұлдызында анықталатын болады.

 

Л. Теміртасқызы

Білім айнасы

Павлодардан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.