Home » Жаңалықтар » Үштілділік — уақыт сұранысы

Үштілділік — уақыт сұранысы

Павлодар қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді игерген көптілді тұлға, жалпы полимәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында «Үштілділік — уақыт сұранысы» тақырыбында барлық мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы негізде ұйымдастырылған тәлім сағаты 4 қазан күні Павлодар қаласының № 25 мектебінде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Аталмыш мектептің оқу-ісінің меңгерушісі Гүлсім Қайырбекқызы Хасенованың айтуынша: «Жаңарту бағдарламасы бойынша, үш тілді меңгеру – заман талабы болғандықтан, біздің мектептің ұстаз-педагогтары осы бастамаға байланысты тыңғылықты еңбек етуде. Бүгінгі шара – осының бір айғағы. Елбасының «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» — деп айтқан сөзі осыған саяды» — деп сөзін тарқатты.

Ләззат Теміртасқызы

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.