Home » Жаңалықтар » «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партиялық тыңдау өтті

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партиялық тыңдау өтті

«Нұр Отан» партиясы аймақта Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша партиялық тыңдау өткізді.

Партия облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық білім саласының өкілдері мен бірқатар тиісті тұлғалар қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Білім» бағыты бойынша комиссияның кураторы Гүлжан Тілеубердиева зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндама жасады.

-Аймақта бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыстық білім саласына ағымдағы жылы 20 млрд. 817 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні облыс бойынша мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының жалпы саны – 450, бастауыш мектептердің жалпы саны – 61, негізгі мектептердің жалпы саны – 34, орта мектептердің жалпы саны – 355. Апатты жағдайдағы мектептер саны – 6, үш ауысымда жұмыс істейтін – 4 мектеп бар. Биыл 20 білім нысанының құрылысын жүргізуге 6,0 млрд теңге бөлінген, – дей келе облыс әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі және Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асырудағы облыстағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Айта кетейік, бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде облыстық білім басқармасы негізгі 4 индикатор бойынша жұмыс жасауда.

-Бағдарламадағы негізгі индикаторлардың бірі – жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі. Бүгінгі күні облыста 457 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 48405 бала тәрбиеленуде. 2017 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 1040 орындық 11 балабақша ашылды. Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру – бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарламада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесін арттыру көзделген. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 2016 жылы – 1 сынып, 2017 жылы – 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылы – 3, 6, 8, 10 сыныптар, 2019 жылы – 4, 9, 11, 12 сыныптар жаңартылған бағдарламамен оқитын болады. Бүгінде жоспар орындалуда, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның негізгі тетіктерінің бірі – техникалық және кәсіптік білім беру үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау.

Ал бұл мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Алқа отырысы соңында Мұратхан Жүнісәліұлы зерделеу нәтижесінде орын алған олқылықтарды түзетуді тиісті тұлғаларға тапсырды.

      

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.