Home » Жаңалықтар » Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қызылордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ұстаздар күніне орай 30 қыркүйек күні Қызылорданың А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді құттықтап, жұмыстарына табыс пен зор денсаулық тіледі.

Аймағымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдер саны 20 409 болса, оның 92 пайызы жоғары білімді, 46,3 пайызы бірінші және жоғары санатты педагогтар.

Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша осы күні жаңашыл ұстаздар Қызылорда облысы әкімімен кездесті.

Аймағымыздың 35 жаңашыл ұстазы өз жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, өңір басшысы оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне мол табыс және ұстазынан оза алатын талантты шәкірттері көп болғанын тіледі.

Білім айнасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.