Home » Жаңалықтар » Асу бермес асқар жоқ

Асу бермес асқар жоқ

Жақында Ақтөбе қаласында робот техникасының «KazRobotcs-2017» халықаралық байқауы өтті.

Оған Қазақстанның 14 облысынан ең үздік командалар, аймақтың іріктеу чемпионаттарының жеңімпаздары, Ресей, Белорусь, Өзбекстан өкілдері де қатысты.

Сайыста Павлодар құрама командасы 2 алтын, 1 қола медальді еншілеп қайтты. Мұндағы «Кегельринг квадро» санатында І орынды Олег Чернышев пен Никита Секретарев иеленді. Робот техникасының жобалары байқауында Ермұрат Телегенов пен Артем Кирилюс ие болды. Көлік жəне коммуникациялар колледжінің жүлдегер студенттері аламан додада жан-жақты білімдерімен танылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айгүл Молдаш

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.