Home » Жаңалықтар (page 276)

Жаңалықтар

Білім саласындағы бірегей мәселе

11 қазан күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Ертіс ауданында білім беру мекемелері басшыларының кеңесі өтті. Жиынға мемлекеттік кірістерді басқару және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, «Мерей-А» ЖШС директоры және медицина ғылымының докторы К.З. Сакиев қатысты. Алқалы отырыста санитарлық-эпидемиологиялық тексерудің негізгі мәселелері талқыланды. Медицина ғылымының докторы К.З.Сакиев санитарлық қадағалауға жататын объектілердегі санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылық заңнамалары мен талаптарының орындалуы туралы баяндама жасады. Мемлекеттік ...

Толығырақ »

Қала мектебіне – 50 жыл!

Жақында Ленин кенті әкімі Даулет Тайгулиннің қолдауымен, Павлодар қаласының № 33 ЖОМ өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекеге педагогикалық еңбек ардагерлері, әр кезең түлектері, құрметті қонақтар қатысты. Мерекелік кеш меймандары педагогикалық Даңқ мектеп мұражайына, робототехника және шахмат, оқу кабинеттерін аралап, мектепте өткен қызықты жылдарын еске алды. Соңынан, мектеп ұстаздары мен оқушыларының концерттік бағдарламасы қойылды. 1985 жылғы мектеп түлегі, продюссер ...

Толығырақ »

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ерекше сабақ

Кеше арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығында «Серпін» жобасының қатысушылары Павлодар мемлекеттік институтының болашақ дефектолог мамандарының еңбек сабағынан шеберлік сыныбы өтті. Сабақ барысында жас мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қойдың жүнінен киіз басып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті. Мұндағы мақсат: балалардың мүмкіндігін кеңейтіп, білім алу, еңбек етуге деген құлшынысын арттыру, оларды қолөнерлік кәсіпке баулу, қол моторикасын дамыту болды. Жасөспірімдер ...

Толығырақ »

Нақты жеңіске бір қадам

Жақында білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Оған: облыс аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларынан 19 тірек мектеп қатысты. Орталықтар өздерінің жаңа педагогикалық бастамаларын, инновациялық амалдарын, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметерін таныстырды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға Баянауыл ауданының № 2 ЖОМ; ІІ орынға Екібастұз қаласының №21 ЖОМ; ІІІ орынға Шарбақты ауданының гимназия сыныптары ие ...

Толығырақ »

Ақылдылар анықталды

Сонымен көптен күткен шешуші сәт те келіп жетті. Бүгін елдордамыздың төріндегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен Қазақстанның жоғары сыныптар арасында өткен сайыс қорытындысы жария болды. Еліміз бойынша «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды. Ағымдағы жылдың қазан айының 13 күні Республика бойынша жоғары сынып оқушылары Астанаға ат басын тіреген еді. Ақтық мәреге жетіп, үздік ...

Толығырақ »

Ұрпақтар сабақтастығы

Кеше республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығы, облыстық ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған облыстық пленум-семинар өтті. Алқалы мерекелік жиынға облыс әкімі Болат Бакауов, барлық облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің президиум мүшелері, өңірлік ардагер ұйымдарының басшылары мен мүшелері, «Нұр Отан» ХДП, облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы, білім саласы мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараға арнайы қонақ болып шақырылып қатысқан өкілдің бірі химия ғылымдарының ...

Толығырақ »

Мәлік Ғабдуллин ескерткіші

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру сериясын жалғастыруда. Мәлік Ғабдуллин – бұрынғы Көкшетау облысы Зеренді ауданының тумасы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға сұранған. 2015 жылы Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы Мәлік ...

Толығырақ »

Байқауға түскен Алтын күз

Абай атамыз «Күз туралы» өлеңінде алтын күздің әсемдігін, күз айының ерекшелігін көз алдымызға қалай елестетсе, бүгін 2017 жыл қазанның 12-і осы бір көркем жыл мезгілі — күз айының көркін нақышымен бере білген, Елордамыздың сол жақ жағалауында орналасқан №81 «Astana English school» гимназиясы оқушылары мен ата-аналары бірлескен «Күз – береке, күз – мереке» тақырыбындағы жәрмеңкесі және «Арайлы, алтын күз» фото байқауы ...

Толығырақ »

«Үздік педагог-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздарымен өткізілген брифинг

2017 жылғы 12 қазан күні «Үздік педагог-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздарына арналған брифинг өтті. Брифинг жұмысына «Үздік педагог-2017» республикалық кезеңінің жеңімпаздары: Калиева Әсел Өтегенқызы – Көкшетау қаласы, №11 «Арай» балабақшасының музыкалық жетекшісі; Кошанов Серік Сүлейменұлы – Көкшетау қаласы, № 17 мектеп-гимназиясының биология және химия пәндері мұғалімі; Кинцель Александр Евгеньевич – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия-мектебінің биология пәні мұғалімі, ...

Толығырақ »

«Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті

«Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» атты әлеуметтік жобасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Ақмола облысының білім басқармасының қолдауымен а. ж. 10 қазан күні «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақты адамгершілігі мол, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат, өз елінің патриоты етіп қалыптастырып, дамыту. Іс-шараға Ақкөл, ...

Толығырақ »