Home » Жаңалықтар » Жаңашылдық жаршылары

Жаңашылдық жаршылары

20 ақпан күні Алматы қаласы білім басқармасы мен Медеу аудандық білім бөлімінің қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда «Педагогтердің кәсіби дамуы: заманауи білім берудегі жаңа тренд пен жаңа көзқарас» тақырыбында аудандық білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – мектеп тәжірибесіндегі өзекті әдістер мен тиімді тәжірибені тарату болды. Жаһандану үдерісінде қоғамның жеке тұлғаға қойылатын талаптары күн өткен сайын өзгеріп барады деген тұжырым шындыққа айналып отыр. Ол үшін оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын, мазмұнын, әдістері мен нысандарын жаңғыртып, білім беру сапасын бағалаудың жаңа құралдарын әзірлеу сияқты категорияларды жаңғыртып отыру керек болады.Аталған мәселелерді шешудің төте жолы – білім беру ұйымының инновациялық дамуын үздіксіз жетілдіру болмақ. АКТ дағдылары, қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, жасампаздық, қарым-қатынасқа бейім және мәселелерді шешу, топта жұмыс істеу дағдысы, көшбасшылық, бастамашылдық, құндылықтарды қайта қарау сияқты қасиеттер мен дағдылар басты орынға шығып отыр.
Семинарда шебер-педагог тарих пәні мұғалімі Г.Асанбекова («Қазақстан – халықаралық құқық субьектісі»), биология пәні мұғалімі Р.Амзеев («Генетика зертханасы. Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылысы мен құрылымы»), «Алматы ұстазы» конкурсының жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Анапияева («Сингапур мектептерінің тиімді тәжірибесі»), ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Жарасова («Reading for pleasure, The fisherman and the fish Excell»), бастауыш сынып мұғалімі Г.Халелова («Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем» кітабы бойынша оқушылар конференциясы), биология пәні мұғалімі Т.Оспанбек «Рефлексия – табыс баспалдағы» және А.Бейсекина, Ж.Калтаева, Ж.Менлибаева, Г.Бидайбекова, А.Нұрқанатқызы, Н.Нугуманова, Ғ.Махамбетова, А. Ашенова, Н.Жамбыл, А.Умиралханов сынды ұстаздар жоғарыда аталған бағыттар бойынша ізденіс нәтижелерімен бөлісті.
Оқу мен оқытудағы түйткілді мәселелер, шешімін күткен сұрақтар бойынша да пікір алмасты.
Семинарда мұғалімдерге қолдау көрсету, білім алушылардың танымдық қабілеттер деңгейі, қызығушылықтары, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері, оқыту мен үйренудегі тиімді болған ізденістер көрініс тапқандықтан, зор қолдауға ие болды.
Аталған мәселлер бойынша Медеу ауданы білім беру ұйымдарының басшылары (А.Сапарова, Э.Бидайбекова тб) өз ұжымдарындағы жаңалықтар мен ізденістердің барысы туралы сындарлы пікірлерін ортаға салды.Семинар соңында Білім бөлімінің басшысы А.Сапарова әріптестерінің тұшымды пікірлері мен ұтымды ойларын қорытындылап, сәттілік тіледі.

Қ.Досқалиев,
Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.