Home » Жаңалықтар (page 22)

Жаңалықтар

2022 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТАЛАПКЕРГЕ ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ

2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт  беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер ҰБТ-ны қолайлы жағдайларда өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдайтын болады. Осылайша, келесі жылы көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА ҚР БҒМ ҚОЛДАУЫМЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 320 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТАБЫС ТАПТЫ

Соңғы екі жылда қазақстандық ғалымдардың 100-ге жуық ғылыми жобасы Ғылым қорының қолдауымен коммерцияландырылды. 70-тен астам ғалым бизнестегі үлестері мен роялтиден (лицензиялық сыйақы түрі) кіріс алады. Бүгінгі таңда ғалымдар өздерінің ғылыми әзірлемелерін пайдаланғаны үшін 320 миллион теңгеден астам пайда тапты. «ҚР БҒМ Ғылым Қоры жүзеге асыратын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламасының нәтижесінде ғылыми ұйымдар мен ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

Қазақстан мен Өзбекстан білім беру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа келісімге қол қояды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрі Бахтиер Саидовтың Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуі барысында мәлім болды. Өзбекстаннан келген делегацияның басты мақсаты – қазақстандық білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен танысу. Өзбек тарапы бұған дейін екі ел арасындағы өзара іс-қимыл туралы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИТЫН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ САНЫ 30 МЫҢҒА ЖЕТТІ: АЛЫС ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТА ТҮСТІ

   Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті. Азаматтары Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалады. Жалпы, білім алушылардың басым бөлігі (64%) ТМД елдерінен келген. «Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Бішкек (Қырғызстан) және ...

Толығырақ »

30 АНА -30 кәсіп

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық меретойы аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталығының қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан әйелдер мен көпбалалы аналардың шағын кәсіптерін қолдап, көмек көрсету мақсатында, өздерінің алға қойған мақсатына жете білген 30 кәсіпкер анаға 2022 жылға арналған жеке күнтізбе жасап беру ұйымдастырылуда. «Бақытты отбасы» қала бойынша қаржылай емес қолдау арқылы көп балалы әйелдерге көмек ...

Толығырақ »

Қазақстан мен Ресей ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құру туралы келісімге келді

ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құруды ұсынды. Бұл туралы Ресей білім академиясында өткен «Білім туралы ғылым саласындағы зерттеулерді дамыту перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді. Қазақстан және Ресей Білім академияларының президенттері аталған ұсыныс бойынша жақын арада ТМД елдеріндегі әріптестеріне үндеу жасауды жоспарлап ...

Толығырақ »

ПАВЛОДАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Павлодар техникалық сервис колледжінің оқытушысы Рүстем Миникеев көлік және байланыс саласы бойынша педагогтер арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанды. Гран-при иегері Рүстем Ермекұлы магистр дәрежесіне ие және автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша арнайы пәндерден сабақ береді. Жеңімпаз мұғалімнің әкесі механизатор болып жұмыс істегендіктен бала кезінен техника мен көлікке деген қызығушылық танытқанын айтады. Рүстем Миникеев оқытушы ...

Толығырақ »

Академия президенті Мәскеуде өткен халықаралық конференцияға қатысты

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев Ресей білім академиясы ұйымдастырған «Білім туралы ғылым саласындағы зерттеулерді дамыту перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты – білім туралы ғылым саласындағы дисциплинааралық, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім беру жүйесін дамыту шеңберінде ғылыми әзірлемелерді ілгерілетудегі озық ғылыми жетістіктер нәтижелері туралы біліммен және практикалық шешімдер тәжірибесімен бөлісу. Ғ.Бейсембаев өз баяндамасында пандемия ...

Толығырақ »

ТЕКСЕРІЛГЕН БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ 80% — ҒА ЖУЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТПЕДІ

Мемлекеттік бақылау жүргізілген балабақшалардың 80%-ға жуығы аттестаттаудан өтпеді. Бұл туралы бүгін апта сайын онлайн форматта көрсетілетін министрліктің аппарат жиналысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова хабарлады. Биыл білім және ғылым министрлігі енгізген бақылаудың алғашқы жаңа түрі 77 балабақшада жүргізілді. Олардың басым көпшілігі, атап айтқанда 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметіне қойылатын талаптарға ...

Толығырақ »

Тағылымды кеш

Қазір республика бойынша қыркүйек айынан бастап барлық білім ордаларында тіл апталығы өтіп жатқандығы белгілі. Кеңінен аталып өтілетін дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында  С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде талантты журналист, «Кешкі кездесу», «New Old Qazaq», «Talk like», «Талпын» бағдарламаларының тележүргізушісі Аман Тасығанмен жылы шырайлы кездесу болып  өтті.   Іс-шараны лицей басшылығының бастамасымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ұйымдастырды. Белгілі журналист ...

Толығырақ »