Home » Жаңалықтар (page 21)

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ ШЕҢБЕРІНДЕ 16 МЫҢНАН АСТАМ ДЕПОЗИТ АШТЫ

         Қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 16 мыңнан астам білім беру депозиттерін ашты. Бүгінгі таңда білім беру жинақтау салымдарының жалпы сомасы 22,3 млрд теңгені құрайды. Бұған дейін қазақстандықтар өздерінің немесе балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинақтауы үшін «AQYL» білім беру жинақтау салымдары құрылды. Осы жинақтаушы салым жүйесін қолдаудың басты артықшылығы 9%-ға дейінгі банктік сыйақыдан басқа, қазақстандықтардың салымдарына мемлекеттік ...

Толығырақ »

300-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН ОҚИ АЛАДЫ

330 қазақстандық шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды. Олар Қазақстан мен басқа елдер арасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқи алады. Яғни, Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар. Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр — 250, Қытай – 47, Польша ...

Толығырақ »

ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АКЦИЯЛАР ӨТКІЗЕТІН ЖОО ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы А. Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарлаған болатын. Бүгінгі таңда 10 жоғары оқу орны бұрын вакцинацияланған және қазіргі уақытта екпе салдырған білім алушылар мен оқытушылар арасында акциялар өткізу үшін ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА (IOI) ТӨРТ ҚОЛА МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ

IOI 2021 (International Olympiad in Informatics) 33-ші Халықаралық олимпиадасында информатика пәні бойынша қазақстандық құрама төрт қола медальға ие болды. Олимпиада 19-28 маусым аралығында Сингапур ұлттық университетінде онлайн-форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 88 елінен 351 оқушы қатысты. Қазақстанның атынан халықаралық деңгейдегі байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олардың барлығы информатика пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары. ...

Толығырақ »

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫП ЖАТЫРМЫЗ

Меценаттардың көмегімен Қазақстанда алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды. Бастама  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасымен  ҚР ІІМ «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған УПП-ның ерекшелігі —  азаматтардың қажеттіліктері, учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттері ескеріліп, арнайы жабдықталды. Кеңседе азаматтарды қабылдауға, жиналыс өткізу үшін 10 орынға шақталған жеке бөлме ...

Толығырақ »

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

28 маусым күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесіне арнап «Заманауи білім» тақырыбында республикалық конкурс өткізді. Мерекелік шара Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180, Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойымын тұспа-тұс келіп түсті. Ыбырай Алтынсарин өзінің бар ғұмыры мен күш-қуатын қазақ халқын рухани ағартуға арнаған.  Осы ретте «Заманауи ...

Толығырақ »

Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысында жаңа әкімшілік сотының дайындығымен танысты

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына келді. Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір және Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек министрді жаңа соттың жабдықталуы мен жұмысқа дайындығымен таныстырды. Министрмен кездесуде облыстық соттың төрағасы Д.Әмір жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және жаңа соттың қызметі туралы халық арасында түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы жөнінде айтып өтті. Соттар әкімшісінің ...

Толығырақ »

МИНИСТР А. АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯНЫ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН БАСТАЙДЫ

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды. COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады. Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Тек студенттер ғана емес, сонымен ...

Толығырақ »

Ұлттық қауіпсіздік агент

Францияда 1995 жылдан бастап мектептер мен университеттерде Ұлттық қауіпсіздік агенттігі жұмыс істейді. Агенттік білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады, ғимараттың беріктігін тексереді, түрлі тәуекелдерді ескеріп, жазатайым оқиғаларға талдау жұмыстарын жүргізеді. Франция мектептерінің кіреберісінде ғимаратқа кірушілердің рюкзактары мен сөмкелерін тексеретін күзетшілер тұрады. Германияда федералды жерлердің жеке білім министрліктері жұмыс істейді. Әрбір мектепте дабыл жүйесі орнатылған және террористік шабуыл болған жағдайда ...

Толығырақ »

Қарағандыда Ұлттық ұран күні аталып өтті

Өткен күндері Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы күннің бірі Ұлттық ұран күні аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады. Ұйымдастырушылар бұл атаулы күннің Қазақ күнтізбесінде алар орны ерекше екенін айтып, ...

Толығырақ »