Home » Жаңалықтар (page 277)

Жаңалықтар

Көкшетауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

     Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында «Еуразиялық идея және посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоғары оқу орнына жиналған қонақтар, алдымен, университет мұражайын, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жетістіктері» атты көрмені тамашалап, еуразиятанушы Ш. Уәлихановтың ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қойды. Конференцияға университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, ...

Толығырақ »

Асу бермес асқар жоқ

Жақында Ақтөбе қаласында робот техникасының «KazRobotcs-2017» халықаралық байқауы өтті. Оған Қазақстанның 14 облысынан ең үздік командалар, аймақтың іріктеу чемпионаттарының жеңімпаздары, Ресей, Белорусь, Өзбекстан өкілдері де қатысты. Сайыста Павлодар құрама командасы 2 алтын, 1 қола медальді еншілеп қайтты. Мұндағы «Кегельринг квадро» санатында І орынды Олег Чернышев пен Никита Секретарев иеленді. Робот техникасының жобалары байқауында Ермұрат Телегенов пен Артем Кирилюс ие болды. ...

Толығырақ »

Робототехника фестиваліндегі жеңіс

М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді. Жас инженерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы ...

Толығырақ »

Жасөспірімдер олимпиадасы

Өткен аптада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында жасөсіпірімдер арасында биология пәнінен облыстық VII олимпиада сайысы өтті. Оған аймағымыздың аудан-қалаларынан 90-ға тарта оқушы қатысып, бақ сынады. Ал жеңімпаздар Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алады. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жүрсінова балалар тек теориялық білімдерімен қатар, өз білімдерін басты назарға салу керектігін ...

Толығырақ »

«Латын әліпбиіне көшудің маңызы» тақырыптық сағаты

              Көкшетау қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада латын әліпбиіне көшудің маңызын талқылауға байланысты тақырыптық сағат өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.         Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан іс-шараның басты мақсаты – қаланың мектептері мен лицейлерінің оқушы-студенттерін мемлекетіміздің бастаған қадамының маңыздылығымен таныстырып, жаңа латын алфавитін қазақ тілінің әліпбиімен таныстыру.          Елбасы «Болашаққа көзқарас: ...

Толығырақ »

«Балқадиша» мүсіні

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру сериясын жалғастыруда. Балқадиша Ыбырайқызы — Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Оның әннің кейіпкеріне айналуы да тегіннен емес.  Көңіл-қошы болмай күйзелісте жүрген Ақан сері ел аралап жүріп, той үстінде Балқадишаны кездестіреді. Өзге жігітке атастырылып қойған ару осылайша Ақанның жүрегін жаулап ...

Толығырақ »

Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі

  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» атты семинар-тренинг өтті    «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің ұйымдастыруымен облысымызда «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» тақырыбында семинар болып өтті.  Іс-шараға қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды «Нұр Отан» ...

Толығырақ »

Ақын жырлары дəріптелді

Таяуда кəмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында жергілікті ақын Мария Цветаеваның 125 жылдық мерейтойы аясында «Моим стихам настанет свой черед» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шара барысында ұлы ақынның ғұмырнамасына шолу жасалып, өлеңдері оқылды. Аталмыш кеште «Жизнь и творчество» Марии Цветаевой» кітабының тұсаукесері жасалды. https://goo.gl/images/NywyTF  Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласы

Толығырақ »

«Мұқағали оқулары» мəресіне жетті

Жақында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Мұқағали Мақатаев оқулары» ХІІ республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Оған облыстық оқу орындарынан 14 оқушы қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер Дипломдармен марапатталды. Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласы

Толығырақ »

Ұстаздар марапатталды

2017 жылдың 6 қазан күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдер күніне байланысты үлкен салтанатты жиын өтті. Мерекелі кешке Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов қатысты. Сондай-ақ, қонақ болып қатысқан «Жыл мұғалімі-2017», «Жыл тәрбиешісі-2017», жаңашыл-педагогтар мен еңбек ардагер ұстаздар мерекенің сәнін аша түсті. Осы жиында білім саласында елеулі қызмет жасап жүрген 47 педагог-мамандарға ҚР Ғылым және білім Министрлігінің және ...

Толығырақ »