Home » Білім және тұлға (page 30)

Білім және тұлға

Қазақылықты дәріптейтін қазақы балабақша

Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауында,Үркер шағын ауданындағы №62 «Нұрсәуле» балабақшасы 2011 жылы ашылған. 6 жылдың ішінде атқарған жұмыс осы таңда өз жемісін беріп жатыр дейді балабақша әдіскері Қайырбекова Гауһар Төлегенқызы. Балабақшаның меңігерушісі Жүсіпбекова Гүлжан Кәрімжанқызы өз әріптестерімен қауырт жұмыс жасап, бүгінгі таңға дейін балабақша өз арнасын тапқандай. Кіре берістен төрге дейін қазақылықтың лебін сездіртетін түрлі суреттер мен көрнекіліктер көздің ...

Толығырақ »

Білім алаңындағы білікті маман

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл өңірінің тумасы Қасымқанов Нұрбек Мамырқанұлы бүгінгі таңда Астана қаласы, Ильинка кентіндегі №69 мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып жүр. Сонау 1974-1978 жылдары Өскемен қаласында педагогикалық институтында оқып жүрген студент шағынан өз алдына үлкен мақсат, жоғары талап қоя білген ұстаз ортасында сыйлы, оқушыларына өнеге әрі өз ісінің білікті маманы. «Мектепте оқып жүргеннен математика пәнін сүйіп оқыдым. ...

Толығырақ »

Ұстанымы биік жаңашыл ұстаз

Саденова Гүлнар Шөптібайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Аталған мектепте 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Гүлнар Шөптібайқызы осы мектепте ұстаздық еткен уақыт аралығында өзін шығармашылықпен жұмыс істейтін белсенді мұғалім ретінде көрсетіп келеді. Саденова Гүлнар Шөптібайқызы – заман талабына сай білімді, парасатты, жан-жақты ізденіс үстіндегі ұстаз. Ол – қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пәнін оқытудың әдістемесін жете меңгерген, өз ...

Толығырақ »

Мерейі үстем ұлағатты ұстаз

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша            Будумбаева Базиза Кашкеновна 19.05.1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық училищені 1982 жылы «мектепке дейінгі тәрбиеші» мамандығы бойынша бітірген. Ұстаздық қызметті 1982 жылы Семей қаласының Бородулиха ауылында тәрбиешіліктен бастады. Бұдан соң Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің даярлық тобында он жылдай адал қызмет ...

Толығырақ »

Жаңашыл ұстаз

ЖЖА жобасы бойынша Ұстаз – мақтан тұтатын, киелі әрі өте көне мамандық. Қоғам қалай өзгерсе де өз қажеттігін жоймайтын үлкен іс – баланы өмір сүруге дайындау. Әр бала – қайталанбас, өзінше бір әлемі бар тұлға. Ал сол тұлғаның жан дүниесіне, бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, алға жетелеуші ұстаз екені бәрімізге мәлім. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты кәсіп етіп ...

Толығырақ »

Сүйген ісінен абырой тапқан

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша   1990 жылдардың бастапқы кезеңі тарихымызда ауыр кезеңдердің бірі болғаны баршаға аян. Ел тұрғындарының өмір сүру деңгейі нашарлай отырып, шаруашылық механизмдердің кемшіліктері біртіндеп өрши түскен кезең болды. Содан барып, әлеуметтік және саяси проблемалардың тереңдей түсуі жүйелік дағдарысқа әкелді. Бұл мәселелердің шешімі табылуы үшін КСРО-ның ыдырауы, жаңа тәуелсіз республикалар құрылуы тиіс болды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру 1992 жылы ...

Толығырақ »

«ТӘҢІР ЖАРЫЛҚАСЫНДЫ» КӨП АЛҒАН ЕДІМ…

«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша — Елден «Тәңір жарылқасынды» көп естідім, бұрынғының үлкендері «көп жаса, балам, ғұмырың ұзақ болсын! — деп әрбір жақсы ісімізге бата беретін. Менің көп жасағанымның сыры да сонда болар, — дейді 95 жастағы майдангер ақсақал Сембай Темешов. Сембай ата 1922 жылы ақпан айында Павлодар облысы Ермак (қазіргі Ақсу қаласы) ауданына қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген. ...

Толығырақ »

Денсаулық сақтау саласының мейірімді тұлғасы

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Астана қаласы әкімшілігі мемлекеттік мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері де біздің кейіпкеріміздің жан-жақты білікті әрі тәжірибелі педиатр-дәрігер екендігін мақтан етеді. Өйткені  жүрегі мейірімді, қайсар мінезді мықты педиатр Бағира Игенқызы өзінің жан-жақтылығын дәлелдей білген маман иесі.  Жүнісбекова Бағира Игенқызы, 1961 жылы 13 қарашада Қарағанды облысы Ағадір кентінде дүниеге келген. Ол Ағадір кентінде 1979 жылы 10 жылдық ...

Толығырақ »

Өнегелі ұстаз

  «Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша         Бүгінгі кейіпкеріміз Астана қаласындағы № 35 мектеп-лицейінің өнегелі ұстазы – Алдажар Гүлжан Жиенейқызы. Ол 1981 жылы Қызылорда обл, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1997 – 2002 ж.ж. Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «математика пәнінінің мұғалімі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы Білім басқармасының № 35 мектеп-лицейі мелекеттік ...

Толығырақ »

Ұстаз мерейі

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Осындай мектептердің бірінде тынбай еңбек етіп жатқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған аяулы әріптесімізді тілге тиек еткіміз келеді. Ақсу қаласының Құркөл ауылында дүниеге 1975 жылы келген, 2003 жылы Павлодар университетінің қазақ тілі ...

Толығырақ »