Home » Білім және тұлға (page 29)

Білім және тұлға

Білімді басшы — білікті маман

Білімділік адамның мінезі мен ісінен көрінеді. «Білім — ағаш, іс — жеміс» деген сөз бар. Білім иесі оны пайдалану үшін іске жұмсайды, ал егер білгенін іске асыра алмаса, онда оны білімді деп айтуға келмейді. Осындайда білгенін өзінен кейінгілерге үйреткен, өзінің іс-әрекетінің жемісін көрген ұлағатты, іскер басшы Әділхан Шаймағамбетұлын айтуға болады. Ол 1954 жылы қараша айының 13 жұлдызында дүниеге келген. Жүсіпов ...

Толығырақ »

Ұстаз – ұлағатты ұғым

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек бала ғана мейірімділікке сенеді, өз құпияларын айтып, бізге сенім артады. Күлян Бегимжанқызы Шапиева 32 жыл өзінің саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келеді. 1989 жылы Павлодар педагогикалық колледжін бітірген соң, бірден өз мамандығы бойынша өмірлік тәжірибесін балаларды тәрбиелеу мен білім беруге арнады. №6 сәбилер бақшасында ашылғаннан бері 2009 жылдан бастап еңбек етіп келеді. ...

Толығырақ »

Өнерлі қыз, өнегелі ұстаз

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері – қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін нағыз ұрпақты тәрбиелеушілер. Бұл жолда үлкен ізденіс пен парасат қажет. Тәрбиешінің әр күні жаңалық ашумен, ертеңгі азаматты қалыптастырудағы жауапкершілікпен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеп жүрген тәрбиешілердің бірі – менің әріптесім, Павлодар ...

Толығырақ »

Ұлағатты ұстаз

Майгүл деген атыңыз сай затыңызға, Ұстазсыз мойындайтын жатыңыз да Балаларың ақылды да, абыройлы, Жылынған сіздің жаққан отыңызға. Биік тұр бақшаларың талайлардан Кем емес байлар соққан сарайлардан. Дарынды балалардың талабына Нұр құйған әрбір ақ таң арайланған. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздық еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым ...

Толығырақ »

Оқушыларымның білімі — менің жетістігім

«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша   Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінің мектепке дейінгі даярлық тобының мұғалімі Сұлушаш Ахметова 1997 жылы Павлодар қаласында Ахмет Байтұрсынов атындағы педагогикалық колледжі мен 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына ие болды. Еңбек жолын аталмыш білім мекемесінде жалғастырып келеді. Ол – білікті ...

Толығырақ »

Майдангер ұстаз – Ақтай Қабышев

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Қабышевтер әулетінің жалпы педагогикалық еңбек өтілі 280 жылды қамтиды. Ақтай Қабышевтың өзі болса – 30 жыл білім саласына адал қызмет етіп, Қазақ СССР-інің Халық ағарту ісінің үздігі атанған ұлағатты ұстаз, екінші дүниежүзілік соғысының батыры, еңбек ардагері. Ақтай Қабышев 1919 жылдың мамыр айында қазіргі Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласы және ауылдық аймағының Қызылжар ауылында дүниеге келген. ...

Толығырақ »

Білікті ұстаз әрі мәртебелі басшы Тараз қаласында

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша        «Түсі жылыдан түңілме» деп дана халқымыздың қалт айтпағанына тағы да бір рет көзім жетті. Стереотипті көзқарас. Десек те қабылдау бөлмесіндегі түсі жылы директормен кездесіп, танысу барысында қарама-қарсы отырған жанның тек ұлағатты ұстаз ғана емес, білікті басшы, адал жар, мейірімді ана әрі отаншыл тұлға екендігіне қуанып, оның мәртебесін көтеруді мақсат тұттым.          Қадірменді оқырман, ...

Толығырақ »

Арманшыл адам еді…

Мұстафин Бақыт Мұтәллапұлы 10.12.1937 қазіргі Есіл ауданы Еңбек ауылында туған. Журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 1959 жылы бітірген.         Еңбек жолын облыстық «Ленин туы» газетінде (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») бастаған. Газетте бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып істеген. 1988 жылдан 2004 жылға дейін осы газеттің бас редакторы қызметінде болды. Бақыт Мұстафиннің жеке ...

Толығырақ »

Тектінің тұяғы

Сарбаздар сапында салмақты орны болса да, сардар болуды мақсат тұтпағандықтан, өздерінің соқпағымен сан саланы сағалап, сары даланың төсінде жүрген сақа сарбаздарымыздың саны жетерлік. Солардың бірі – Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектепте ән-күй пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп жүрген запастағы лейтенант, күйші Жұмағазы Кәкімжанов. Жұмағазы Сұлтанұлы сұхбат барысында әңгімені әріден бастаған еді.1958 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданындағы ...

Толығырақ »

Жаңашыл маманның жарқын жолы

«Жақсының жақсылығын айт» бағдарламасы бойынша Алаштың астанасы болған киелі Семей шаһарындағы №7 «Ақ бота» ясли-бақшасында болып қайттық. Балабақшаның әдіскері Кошанова Ардақ Дамирқызымен мәнді де мағыналы сұхбат жасай отырып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен таныстық. 1984 жылдан бері балалар үшін елеулі еңбек етіп келе жатқан осынау шаңырақтың бүгінгі таңда шығыс өңірінде мәртебесі биік, ұжымы сыйлы. 67 жанды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ясли-бақшада тәрбие-білім беру ...

Толығырақ »