Home » Айтарым бар (page 41)

Айтарым бар

БАЙЛЫҚТАН БАС ТАРТПАЙЫҚШЫ

Ауылға жолым түскен сайын көрші-қолаңды түгендеп шығамын. Арамызға үй түспеген көршіміз бар, ері – аузынан сөзді сұрап алатын адам. Ал, әйелі – өзіне «антоним», сампылдап сөйлей береді. Қашан көрсең, жайдары жүреді. Көшенің, ауылдың әңгімесін қойып, көрші ауылдың да, аудан, қаланың да жаңалығын содан естимін. Тіпті облыстағы шенеуніктердің орынтағы мен міндеттеріне дейін өте жақсы біледі. Күйеуі мен екеуі қара таудың етегіне ...

Толығырақ »

СӨЙЛЕМЕГЕН СӘБИДІҢ САБАҒЫ

Үйде бір жиын бола қалып, алыстағы өз елін тапқан әпкелерді шақырғанда: «Балаларды қалдырып кетпей, алып келіңдер. Себеппен көріп қалмасақ, қазір мүмкіндік те болмайтын болды ғой», – деймін. Ауылдағы балаларға жиендердің қосылып асыр салғаны керемет қуаныш. Балалар бір-біріне қосылса, улап-шулап, ересектердің есін алатын әдеті емес пе? Екінші әпкемнің үш жасар қызы бар. Өзі сондай сәнқой, көйлектерін киіп-шешіп, көптің көзіне түскеннен кәдімгідей ...

Толығырақ »

ОЙ БИІГІНЕ 10 ҚАДАМ

Ой биігін бағындырудың бір жолы – кітапқұмарлық. Бар байлығымыз – баланы бұл жолға қалай түсіреміз? Шындығында кітапқұмар баланы өзіңіз қалыптастыра аласыз! Қалай? Тәрбие құрсақтан басталады. Қазақтан асып қайда барайық, ата-бабамыз құрсақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Алдымен – ана, бірақ айналадағы адамдар да бұл тәрбиеден қалыс қалмауы қажет. Жүкті ананың баланы ғана емес, баланың алдындағы жауапкершілікті қоса арқалауына атсалысу керек. Мысалы, ...

Толығырақ »

ҚИЯЛИ…

Бала әлемінің өзі – қиял. Қиялдау – қажет қабілет. Кейде бір тапсырма бергенде немесе баланың таным деңгейін білу үшін әлденені сұрағанда ол өз бетінше қиялдап кетеді. Осындайда әрбір ата-ананың, әр ересектің аузынан шығатын сөз: «Қияли неме!» Осы сөзді айтарда ертегімен жеті қат жер астына түскен, бірде кілеммен көк аспанда қалықтаған, қияндағы оқиғаны естіп қоятын саққұлақ, алты ауылдың арасын алты сағатта ...

Толығырақ »

О, ҚАЗАҚ, МЕН СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢМЕН СҰХБАТТАСТЫМ

— Жолымыз бір екен, жүр, арғы бетке бірге өтейік, — дедім оқушы балаға. — Сіз де пәлен автобусқа мінесіз бе? — Иә. Сенің жасың нешеде? — 11. — Өскенде кім боласың? — Ғалым боламын! «Президент боламын!» дейтін жаттанды сөзді күтіп тұрғам, тұла бойыма қан жүгіріп өткендей болдым: — Оһо! Бәрекелді! Ғалым боп нені зерттейсің? — Астрономия мен гидрологияны зерттеймін. — ...

Толығырақ »

НЕСІН РЕНЖИДІ ЕКЕН…

Өткенде бір жиында үлкен апалардың жанына жайғастым. Сонда әңгімелері «Бүгінгінің балалары» дегенге көшті. Иә, рас олар айтқандай, бүгінгінің балалары талапшыл, құлақсыз, ойнауды білмейді, өзіңе ақыл үйретеді, көптің бірі бола салмайды, жыр жаттамайды, есі-дерті планшет пе, әнебір, онан қалды сотка, еңбекке епсіз. Дұрыс айтады, бұл – шындық. Және «Бүгінгі үлкендердің» маңынан тастамай талап қойып, кітап оқып, жыр жаттатып, ғибратты әңгімелерді санасына ...

Толығырақ »

ОЛ ҚАРАҢҒЫДА ЖАРЫҚ БЕРЕДІ

Әлгінде оқу залына тіке өтіп кетіп, керегімді алып, көзім іліккен орынға отыра салғам. Жанымда кішкене баланың дауысы тоқтамай сыбырлап жатыр, содан күбірге ауысты. Ентігіп қойып бірдеңе айтып жатыр. Қасында ересек әйел отыр, тағы бір кішкентай қыз жүр. Кітапханашы ма, бәлкім мұғалімі болар деп болжадым. Бір сөзге құлағым елең етті де, еріксіз ойым бөлінді. Бала әйелді: «Анашым!» – деп қаратты. Өзінің ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛІН ТАБАР…

Бала көрсем, әңгімелесе кететін әдетім, тіпті асығып бара жатсам да бір ойын біліп қалуға тырысамын. Балаларға арнаған уақытты әрдайым алтын уақыт деп есептеймін. Балалар арқылы тыныштық тауып тұрып, болашақты барлауға болады. Балалық дегеніңіз – тазалық. Баланың тілін таза адамдар ғана таба алады. Баланың тілін тапқан адам кез келген ересектің тілін таба алады һәм ойын оқи алады. Неге дейсіз бе? Кез ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТЕН ШЕТТЕТІЛГЕН ТАЛАНТ

Талант мектептен шеттетіле ме? Ол шеттетілген. Өз сыныптастарының қатарында «мисыз ақымақ», мектебі «ақыл-есі кем» санаған ол екі ай оқығаннан кейін мектептен шеттетілген. Оның оқу үлгерімінің тым төмен болуына 7 жасында қызамақпен ауырып, құлағын зақымдап алуы себеп болған-ды. Сол мектептен шеттетілген ақыл-есі кем оқушы – 15 жасында өзінің алғашқы өнертабысын жасаған, қазірде бүкіл әлемге танымал талант Томас Эдисон еді. Иә-иә, сол ...

Толығырақ »

Түркістан – тарих бесігі

Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені – Түркістанмен танысу мақсатымен ғылыми-танымдық іс-шара жүзеге асырылды. Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік студенттеріне «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы аясында, өзінің көне тарихымен танымал, қазақтар үшін сондай рухани алып, ...

Толығырақ »