Home » Айтарым бар (page 10)

Айтарым бар

Тәуелсіздік тұғырым

 Оқу іс—әрекеттің мақсаты:   Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау. Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы,  әнұраны және тағы басқа кітапшалар. Әдіс—тәсілдері:    Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ—жауап. Оқу іс—әрекеттің барысы: Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап ...

Толығырақ »

Игі дәстүр жалғасын тапты

Балалардың экологиялық мәдениеттілік санасын оятып,  табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Нұр- Сұлтан қаласындағы   № 13 мектепте эксперимент алаңы «Рука об руку» аясында  әрдайым көгалдандыру жұмыстары қолға алынады. Игі дәстүр бұл жолы да жалғасын тапты. Тағылымдық мәні зор іс шара  аясында мектеп шәкірттері декоративті өсімдіктерге  күтім жасап,  білім беру мекемесінің  ішін  көздің жауын алар  әсем гүлдермен көркейтіп,  безендіруге бір кісідей белсенділік  ...

Толығырақ »

Латын негізді әліпбиді оқушыға оқу және жазу дағдысын меңгерту жолдары

 Қалыптасқан таңбалардан арылып, жаңаша латын графикасын меңгеру үшін қандай іс әрекетке барамыз? Ал бірақ, күндегіден басқа таңбалануы бөлек келетін латын гафикасын оқушыға қалай тез ұқтырып танымына енгіземіз? Қатесіз жазу мен таңбаны танып оқи білу үшін қандай тәсіл әдісті пайдаға жаратсақ болады? Осы сұрақ кез -келген білім саласында жүрген жанды тебірентпей қоймайды. Мен өзім сабақ беретін сыныптардан бес оқушыға латын таңбаларымен ...

Толығырақ »

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ   Тойымбекова Жумакуль Бейсенбековна «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ, аға оқытушы Кусайнова М.С., Шет ауданы Ш.Батталова атындағы ЖОББМ базасындағы ТМ(РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жас жеткіншектердің қалыптасуына септігін тигізетін ...

Толығырақ »

Таланттар топ жарды

  Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. Абай. Солтүстіктің ырғалған қайыңдары қандай дыбыс шығарса, өсіп келе жатқан жастары да сондай дарынды, талантты. Өнер- құт дарыған елге қонады. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері сияқты өнер майталмандары дүниеге келген құт мекеннің бауыры асылын әлі жалғастырып келеді. Теріскейдің келбетін толықтыра түсетін, жастарына шабыт пен ...

Толығырақ »

ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫ: САБАҚТАСТЫҚ АРНАЛАРЫ

Шәкәрімнің өзіне үлгі тұтып өскен ұлы Абайдан тыс үш бұлақ-бастауы бар десек, солардан алғашқысы қазақтың төл әдебиетінің ықпал-әсері дей аламыз. Екіншісі, шығыс әдебиетінің туындылары  деген жөн. Осы  бағытта ол әйгілі Қожа Хафиз лирикалары мен Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын қазақшаға аударды. Үшіншісі, орыс ақын-жазушыларынан М.Е.Салтыков-Шедрин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой шығармаларының игі әсері еді. Шәкәрім бұлардан А.С.Пушкинның «Дубровский» повесі мен «Боранын» қазақ тіліне ...

Толығырақ »

Отандық өнімге сұраныс бар, насихат аз

Қазан айының 23-жұлдызында республикалық «BILIM AINASY» газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы отандық өнімді қолдау мақсатында «Зеренды» асылтұқымды шаруашылық ЖШС нің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өнеркәсіптің қысқаша жұмысымен танысты. Бүгінде ешкі сүтінің пайдасы аз айтылып жүрген жоқ. Себебі емдік тұрғысынан ешкі сүтінің шипасы зор. Сонымен қатар сүттің құрамындағы темір ірікқараның сүтіне қарағанда әлдеқайда тез сіңеді. Күз айында иммунитеттің әлсірейтіні белгілі. Ендеше ...

Толығырақ »

Дамудың даңғыл жолына түскен дара шәкірт

«Білім айнасы» республикалық газетінің тілшілері елорда мектептерін аралап, «Жеті сауал» жобасы бойынша сауалнама сұрақтарына жауап алып, оқу орындарының бүгінгі тынысымен танысуды жалғастыруда.  Сол мақсатта, «№77 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бас сұқты. Сауалнамаға жауап алумен шектелмеген тілшілер, мектептің белсенді, үздік оқушыларымен танысты. Сондай үздіктердің бірі — Нұранова Аяжан Төлеутайқызы. Дарынды оқушы «Ақберен» оқуларының қалалық кезеңінде І-орын иеленсе, республикалық кезеңі бойынша номинациямен ...

Толығырақ »

Ұжымымыз жастардан құралған

Күні кеше Оралда облыстық білім басқармасы ұйымдастырған Ұстаздар күніне арналған салтанатты кешке қатысу мәртебесі бұйырды. Сонымен қатар арнайы марапатқа ие болу – еңбегіміздің жемісін көрсетіп, жұмысымызға деген жауапкершілігімізді арттырды. Биыл мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының арасында «Табысты менеджер» атты облыстық сырттай байқау өткен болатын. Осы байқауға қатысып, өзімнің ғана емес, мектебіміздің білім сапасын, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін көрсетуге тырыстық. ...

Толығырақ »