ҚР БҒМ білім беру процесі сапасын бақылаудың «ойластырылмаған» әдістемесінен мәліметтерді жүйелі түрде жинау мен талдауға көшуі тиіс. Сондай-ақ жоғары оқу орындарын бақылаудың сапасын арттыру үшін аналитикалық платформа қажет. Бұл туралы елордада өткен Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысында Сергей Пен мәлімдеді. Жиынға қатысушылар университеттердің сессия нәтижелері мен аталған қауымдастықтың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының дамуында атқаратын рөлін талқылады. ...
Толығырақ »Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ: ЗАҢГЕР КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Елімізде ұлттық құқықтың негізгі салаларын дамыту мен құқық қорғау және сот жүйелерінің қызметін нығайтуға баса назар аударылады. Сондай-ақ заңгер кадрларға деген талап айтарлықтай күшейтіліп келеді. Осыған орай Қазақстан мен ТМД елдерінің құқықтық жүйесін дамыту мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Құқық академиясы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне білім беру саласындағы стратегиялық әріптес мәртебесін берді. Аталған жоғары оқу орны ағылшын құқығы бойынша ...
Толығырақ »БУКТРЕЙЛЕР — КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАНЫСТЫРУ ЖОЛЫ
Бегалина Орынбасар Абусағитқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ Буктрейлер (ағылш. booktrailer) – кез-келген кітап туралы еркін көркем түрде баяндайтын қысқа бейне-ролик. Мұндай роликтердің мақсаты — жаңадан пайда болған кітаптарды жарнамалау және оқуды насихаттау, кинофильмдерге трейлерлерге тән визуалды құралдардың көмегімен кітаптарға назар аудару. Әдетте, буктрейлердің ұзақтығы үш минуттан аспайды. Мұндай бейнелер қазіргі заманғы кітаптарға да, әдеби классикаға ...
Толығырақ »Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақ күнтізбесіндегі айшықты дата Қазақ мемлекеттілігінің қалыпқа келтірілгеніне 180 жыл толу құрметіне орай тағылымы мол шаралар өтеді
Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жайлы сөз болғанда алмағайып күрделі кезеңде Тәуелсіздік үшін күресіп,қазақ деген көшпелі жұрттың туын жықпай, саналы ғұмырын ат үстінде өткізген ұлт қайраткерлері Кенесары хан, Әлімхан Ермек, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын,Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев және басқа да ұлыларымыз еске түседі. Олардың бірі қазақтың батырлар институтына тән күрескерлік жолды таңдаса, енді бірі саяси, дипломатиялық жолмен қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге ...
Толығырақ »Бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылы 10 мамырда американдық «CeoWorldMagazine» журналы әзірлеген «білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі» туралы мәліметтерді жариялады.
Бұл «рейтингте» Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзірбайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан. Басылымның сайтында көрсетілгендей, «рейтинг» ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және т.б. арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалады. Сондай-ақ, басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы «рейтингті» ескермеу керектігін хабарлайды. ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАПОНИЯ, ЛАТВИЯ, ЭСТОНИЯ, РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬ ЕЛДЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Қазақстандық жоғары оқу орындарында жаңа оқу аудиториялары, зертханалар мен орталықтар ашылды. Олар Жапония, Латвия, Эстония, Ресей және Беларусь университеттерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сондай-ақ ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты университеттер материалдық-техникалық базаны жаңартып, студенттерді оқыту үшін жаңа жабдықтар сатып алды. Мысалы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде химия және физика мамандарын оқытуға арналған жаңа зертханалар ашылды. Олар шетелдік университеттермен ...
Толығырақ »Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысына бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сонымен бірге Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі балабақшалар мен мектептерге қатысты болды. Оның ішінде, білім беру ұйымдарында ақша жинау және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану мәселелері. Екі өтініш бойынша келіп түскен ақпарат негізінде ...
Толығырақ »БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 37 ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жыл соңына дейін 37 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар соңғы үш жылда үшінші әлеуметтік бастама шеңберінде елімізде 85 жаңа жатақхана іске қосылып, 22 мыңнан астам студент қоныстанды. «Министрлік Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студенттер жатақханаларын салу мен қайта құру қарқынын жеделдетудің жаңа тетіктерін әзірледі. Атап айтқанда, жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен, ...
Толығырақ »Түркістан облысында әдістемелік кабинеттердің жұмысы талқыланды
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Іс-сапардың мақсаты – облыстағы әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу, орталықтардың жұмысындағы мәселелердің шешу жолдарын айқындау. Бұған дейін аппараттық жиналыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әдістемелік кабинеттердің нақты міндеттерін бекіту және олардың жұмысын бір жүйеге келтіру бойынша тапсырма берді. БҒДМБ сәйкес Ұлттық білім ...
Толығырақ »«Ыбырайдың ізімен» атты велошеруге қатысқан әуесқой велошабандоздарға алғыс хаттар табысталды
«Ыбырайдың ізімен» атты Нұр-Сұлтан – Қостанай велошеруіне қатысып, 750 шақырымдық жолды 6 күнде жүріп өткен әуесқой велошабандоздарға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев алғыс хаттар табыс етті. Веломарафон Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірін, бай мұрасын насихаттауға, жастарды салауатты өмір салтына және патриотизмге насихаттауға ...
Толығырақ »