Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ: ЗАҢГЕР КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ: ЗАҢГЕР КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елімізде ұлттық құқықтың негізгі салаларын дамыту мен құқық қорғау және сот жүйелерінің қызметін нығайтуға баса назар аударылады. Сондай-ақ заңгер кадрларға деген талап айтарлықтай күшейтіліп келеді.

Осыған орай Қазақстан мен ТМД елдерінің құқықтық жүйесін дамыту мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Құқық академиясы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне білім беру саласындағы стратегиялық әріптес мәртебесін берді. Аталған жоғары оқу орны ағылшын құқығы бойынша елімізде алғашқы болып жеке курстарды оқытты, кейін толыққанды сертификатталған бағдарламаны (майнор) енгізді.

 «КАЗГЮУ – құқық, бизнес және гуманитарлық ғылымдар саласындағы бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының толық спектрін қамтыған Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны. Жоғары оқу орнының басты мақсаты студенттерді бірқатар юрисдикция жағдайында кәсіби тұрғыда даярлайды. Осы бағытта университетті қолдай отыра, қарым-қатынасымызды нығайтатынымызға қуаныштымыз», – АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросы Директорлар кеңесінің мүшесі Дэвид Галло.

Тараптар университеттің білім беру бағдарламаларына жалпы құқық және практикалық заңдық құзыреттерді дамыту саласында бірлескен курстарды әзірлеу және енгізу туралы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен аналитикалық жұмыстар жүргізу туралы уағдаласты.

«Қазақстандық студенттер мен заңгерлер үшін жалпы құқықты оқыту бойынша тәжірибеміз мол. Сондай-ақ АХҚО Құқық академиясымен бірлескен жобаларды да сәтті жүзеге асырамыз. Күш-жігерді институционалдық негізде біріктіретін кез келді. Озық тәжірибені енгізу және ұлттық құқықтық жүйе мен заң білімін жақсарту жолында ынтымақтастығымыз бен бірлескен стратегиялық бастамаларымыз сәтті болады деген сенімдемін», – деп атап өтті КАЗГЮУ Провосты (ректоры) Сергей Пен.

 КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.