Home » Жаңалықтар » БУКТРЕЙЛЕР — КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАНЫСТЫРУ ЖОЛЫ

БУКТРЕЙЛЕР — КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАНЫСТЫРУ ЖОЛЫ

Бегалина Орынбасар Абусағитқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан
қаласы бойынша ПҚ БАИ 

Буктрейлер (ағылш. booktrailer) – кез-келген кітап туралы еркін көркем түрде баяндайтын қысқа бейне-ролик. Мұндай роликтердің мақсаты — жаңадан пайда болған кітаптарды жарнамалау және оқуды насихаттау, кинофильмдерге трейлерлерге тән визуалды құралдардың көмегімен кітаптарға назар аудару. Әдетте, буктрейлердің ұзақтығы үш минуттан аспайды. Мұндай бейнелер қазіргі заманғы кітаптарға да, әдеби классикаға айналған кітаптарға да түсіріледі. Көптеген буктрейлерлер танымал видео-хостингтерге қойылады, бұл олардың интернетте белсенді таралуына ықпал етеді.

Буктрейлердің басты міндеті — болашақ оқырманды қызықтыру және кітапқа деген қызығушылығын ояту, сюжеттік желілер мен көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлер жасау кезінде бейнелер, суреттер, фотосуреттер, кітап мұқабалары пайдаланылады.

Буктрейлерлер құру тәжірибесі 2005 жылдан бастап видеохостингтер (YouTubе және т.б.) мен әлеуметтік желілердің дамуы арқасында танымал болды. Бүгінгі таңда АҚШ пен Еуропадағы бірде-бір жарнамалық кітап науқаны буктрейлерсіз аяқталмайды, онда ол тәуелсіз өнерге айналды. Осы саладағы жетістіктер үшін бірнеше жыл сайынғы сыйлықтар да бар. Ең танымал: MobyAwards (американдық melvillehousepublishing баспасы ұсынады); BookVideo (Лондондық Foyles кітап дүкені құрған); Trailee (SchoolLibraryJournal балалар кітапханашыларына арналған американдық басылым ұсынады).

Буктрейлерлерге, тіпті олардың ұзақтығына да жалпы қабылданған талаптар жоқ. Буктрейлерлер туралы ағылшын тіліндегі арнайы блог роликтің оңтайлы ұзақтығы бір жарым минут деп мәлімдейді. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда шығатын роликтер орташа есеппен бір минуттан үш минутқа дейінгі аралыққа сәйкес келеді.

Мәтінді көрнекі түрде бейнелеу әдісіне сәйкес буктрейлерлер: ойын түрінде (кітап бойынша шағын фильм); мазмұны бойынша (дәйексөздері, иллюстрациялары, кітаптың ішкі-сыртқы беттері, суреттері, фотосуреттері бар слайдтар жиынтығы және т. б.); анимациялық (кітап бойынша мультфильм) болуы мүмкін.

Буктрейлерлерді мазмұны бойынша жіктеуге болады:

1) баяндау (шығарма сюжетінің негізін таныстыру).

2) атмосфералық (кітаптың негізгі көңіл-күйін және оқырман эмоцияларын жеткізу).

3) тұжырымдамалық (негізгі идеяларды және мәтіннің жалпы мән-мағыналық бағытын көрсетеді

Буктрейлерді құрудың негізгі кезеңдері.

  1. Жарнамаға арналған кітапты таңдау. Буктрейлер жасау үшін кітап таңдауда көптеген уәждер болуы мүмкін. Бұл жаңа кітаптардың жарнамасы, мерейтой кітаптарын алдыға жылжыту, күндер мен оқиғаларға арналған буктрейлерлер құру және т.б.
  2. Буктрейлерге сценарий құру (сюжетті ойластыру және мәтін жазу).

Шын мәнінде, бұл буктрейлерді құрудағы ең қиын міндет. Егер бұл баяндау буктрейлері болса, оқырман бұдан әрі не болатынын білгісі келетін етіп интрига жасап, сюжетті құру маңызды. Егер сіз кітапты оқысаңыз, мұны біле аласыз. Егер атмосфералық болса, сіз осы кітаптың ішкі мазмұнындағы көңіл-күйін және оны қандай құралдармен жеткізуге болатындығын анықтауыңыз керек. Сондықтан сценарий мәтінін жазуға өте мұқият қарау керек. Әрбір сөйлемді емес, әр сөзді өлшеу керек.

  1. Бейнеқатар үшін материалдарды таңдау.

Суреттер таңдау, иллюстрациялар сканерлеу, кітап, бейнеролик түсіру немесе дайын бейнелерді интернеттен алу. Егер кітап экрандалған болса, фильмдегі кадрларды бейімдеп пайдалануға болады, бірақ артық кетпеу керек, әйтпесе кітаптың емес, фильмнің жарнамасы болады.

  1. Егер сценарий бойынша қарастырылған болса, мәтін жазып, кадр сыртынан дыбыстауға немесе музыка қосуға болады.
  2. Буктрейлерге арналған бейне-роликті жасауға бағдарлама таңдау.

Windows Movie Maker. Бұл бағдарламаны жаңадан бастаушылар қолдана алады. Ол барлық компьютерлерде бар, өйткені ол Microsoft Windows пакетіне кіреді. Movie Maker бағдарламасы цифрлық бейнекамерадан бейне-файлдарды алуға және өңдеуге, суреттерден слайд-шоу жасауға, бейнеге бланкілер, титрлер, дыбыс қосуға, қажетті фрагменттерді кесіп, оларды желімдеуге, фрагменттен фрагментке керемет ауысулар жасауға қабілетті. Ол клиптер жасау, бейне-презентациялар жасау және әуесқой бейнелерді өңдеу үшін кеңінен қолданылады. Кемшілігі – бір ғана аудио трек қарастырылған.

Фото және бейнемен жұмыс істеу бойынша көптеген сұранысқа ие операцияларды онлайн редакторларда орындауға болады. Интернеттегі қызметтердің тағы бір маңызды артықшылығы бар: файлдарды өңдеудің барлық операциялары қашықтағы серверде орындалатындығына байланысты, сіз жұмыс істейтін компьютердің өнімділігі маңызды емес. Бұл тіпті төмен қуатты ноутбукта да жоғары ажыратымдылықтағы бейнелерді оңай өңдеуге болатындығын білдіреді. Мысалы, өте қарапайым www.youtube.com/editor бейне редакторы қызметін пайдалануға болады, дайын болған роликтің басын немесе соңын қиып немесе бірнеше роликтерді желімдеп, аудио-тректі де оңай қосуға болады.

Қорыта келе айтарымыз, заман талабына сай, цифрлық технологияларды қолдануда буктрейлер — жаңаша ұсынудың оңтайлы түрі. Буктрейлер — компьютер, камера немесе бейнекамера және бос уақыты бар кез-келген оқырманға қол жетімді кітап пен авторға ризашылық білдірудің керемет әдісі екенін түсінгендей болдық.

One comment

  1. aizerezere4567@gmail.com

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.